- Advertisement -

Қазақстан Президенті бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты

59

- Advertisement -

photo_20387Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

«АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай істемегенде (ҚР үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартуы — Авт.), бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді», — деді Мемлекет басшысы.

«Бұл экономика заңдары, оған ештеңе істей алмайсың, теңестіру қажет (жағдайды), ал біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда бензин бағасын реттеуден бас тартылды. Үкіметтің мұндай шешімі өткен аптада жарияланды. Астанада өткен брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкіметтің жанар-жағармай нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады.
Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/naryk/kazakstan-prezident-benzin-bagasyinyin-koterlune-katyistyi-264664/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support