- Advertisement -

Қайта құлпырған Қаратау

96

- Advertisement -

222222222«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасының арқасында бүгінде Қаратау қаласы қайта жанданып, құлпырып келеді. Соңғы үш жылдың көлемінде қаладағы кәріз су жүйелері түгелдей дерлік қайта жаңартылды. Бірақ, жөндеу жұмыстары кезінде бірқатар көшелердің асфальт жолдары қазылып, ой-шұңқыр болып қалған еді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жол қозғалысына кедергі келтіргені де рас. Биыл сол олқылықтардың орнын толтыру үшін қаржы бөлініп, көше жолдарын жөндеу жұмыстары қолға алынып отыр.
Б. Момышұлы, Д. Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелерін қайта жаңғыртуға 109  миллион  теңге  бөлінген болатын. Бүгінде Қ. Жүнісбеков басқаратын «АртикоСтройИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. «Жолдың жарамсыз қабатын қырып тастап, жаңадан асфальт төсеп жатырмыз. Жұмысқа 6 техника жұмылдырылған. 12 адам жұмысқа тартылған», – дейді Б. Момышұлы көшесіндегі құрылыс учаскесінің прорабы Бақтияр Нұрмахамбетов.
Маманның айтуынша, жұмыс барысында асфальт төсеудің барлық технологиясын сақтауға баса мән беріледі екен. Ал битум араластырылған асфальттің қалыңдығы – 5 сантиметр. Биыл жоғарыда атап өткен үш көше қайта жаңғыртылса, келер жылы 1032 506,0 мың теңге қаражат бөлініп, орталық көшелердің жолдары жөндеуден өткізілмек.
Аудан әкімдігіндегі құрылыс саласының мамандары қазір екі көшеге 30 мың шаршы метр асфальт төселіп, тас жол қалпына келтірілген. Көше жолдарын жөндеуге демеушілер де көмек көрсетіп отырған көрінеді. Қаланың автобекетінен басталатын Панфилов көшесіндегі жолдың екі жағына бордюрлер төселіп, орта жөндеуден өткізіліпті.
Жалпы, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде қалада көптеген жұмыстар қолға алынуда. Кәріз су жүйелерін қайта құрылымдау және көшелерді қалпына келтіру жұмыстары да толықтай 2017 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сәулембай Әбсадықұлы,
«Ақ жол».

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support