Тараздың батыс қақпасы жаңғыртылуда

Тараздың  батыс  қақпасы  жаңғыртылуда
ашық дереккөз
Тараздың батыс қақпасы жаңғыртылуда

IMG_8491Қазақ хандығының 550 жылдық    мерейтойы жақындаған сайын Таразда мерейлі датаны лайықты өткеру үшін  дайындық жұмыстары жандана  түсті.  Тарихи қаламызды көркейту, көріктендіру-абаттандыруға  үлес қоспақ ниетпен келген әр облыстың азаматтары, құрылыс шеберлері  көне шаһарда өзіндік қолтаңбаларын қалдыруға бар ықыластарымен жұмыс жүргізуде. Сондай іскер  ұжымның  бірі – Оңтүстік Қазақстан облысынан  келген   «Строй Сервис-  7»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш  серіктестік Тараздың батыс қақпасын заман талабына сай жаңғыртуда. Құрылысқа жұмсалатын жалпы қаражат көлемі  45  миллион  теңгені  құрайды. Жиырма адам жұмысқа  тартылып, құрылыс қарқынын жеделдетуге  бес техника жұмылдырылған. Қазір жалпы атқарылуы тиіс жұмыстың 35  пайызы жүзеге асқан. – Сіздермен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Оңтүстік Қазақстан облысынан тарихи Таразда өтетін  маңызы  жоғары тойға өз  үлесімізді қосуға келдік. Қаланың  батыс қақпасын  қыздың жасауындай жайнату –  біздің мойнымызда. Қақпаның әр алуан ою-өрнектермен безендіріліп,  ондағы  қала атауының жазылуы  да ерекше  дизайнда болуы ескеріледі. Екі барельеф орнатылады. Қысқасы, қақпаның алыстан  сәнді, көрікті көрінуі үшін бар өнерімізді, шеберлігімізді жұмсаймыз. Жұмысты белгіленген  мерзімінде тапсыруға толық мүмкіндігіміз бар, – дейді шымкенттік  мердігер компания «Строй Сервис- 7»  ЖШС-ның басқарушы өкілі Данияр   Боранбаев. Мұндағы  жұмыс тамыз  айының  соңына қарай аяқталмақшы. Ендеше, көрші  облыстан келген компания  жұмысшыларына «Іске сәт!» дейміз.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар