- Advertisement -

Польшалық Анита Влодарчик балға лақтырудан әлемдік рекорд орнатты

88

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2009 жылғы әлем чемпионы, Польша жеңіл атлеті Анита Влодарчик балға лақтырудан әлемдік рекорд орнатты. Владыславовода өткен  «Камилла Сколимовскаяның ескерткіші» халықаралық жарысында үшінші мүмкіндікте Влодарчик снарядты 81,08 метрге лақтырды.

29 жастағы спортшы 2014 жылдың тамыз айында орнатқан жеке әлемдік жетістігін жақсартты. Сондай-ақ ол тарихта балғаны 80 метрден асырып лақтырған бірінші әйел болды.

Влодарчик — 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2012, 2014 жылдардағы Еуропаның екі дүркін чемпионы.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support