- Advertisement -

Жамбыл облысы баламалы қуат көздері стансаларымен ел бойынша көш бастап тұр

75

- Advertisement -

Жамбылдық мамандар алдағы бірер жылда қуат өндірісін арттыруды көздеп отыр. Оған мүмкіндіктері де зор, себебі күннен, судан, желден және биогаздан электр энергиясын өндіруді жақсы меңгерген. Ал ілгеріде облыс бойынша жаңартылған энергия көздері 1,5-2 МВт қуат өндірсе, кейіннен 6 жаңа жоба іске қосылды. Осылайша облыс баламалы қуат көздері стансаларымен ел бойынша көш бастап тұр.
Еліміздегі ірі су электр стансаларының бірі Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында орналасқан. Бұл жобаның жалпы құны 1 млрд 300 млн теңге. Қаржының басым бөлігі жеке инвестициядан тартылды. Мұнда қуаты 9,2 МВт электрэнергияны өндіретін төрт агрегат бар. Қазір бұл стансада өндірілген электржарығын аймақ тұрғындары тұтынып отыр. Жұмыстың жүйелі жүруін 13 маман қадағалайды.
Шахмурад Әлиев, «Тасөткел» СЭС бас инженері: — Қазір ауылшаруашылығы алқаптарын суаратын су қажет, сондықтан екі агрегатымыз ғана жұмыс істеп тұр. Бір сағатта 3,2 МВт энергия өндіріп отырмыз. Тәулігіне 72-73 МВт болып отыр. Қоймадағы су көлемі артса, онда электр энергиясын одан да көп мөлшерде өндіруге мүмкіндік бар. Жасыл технология бойынша жамбылдықтар өзге өңірлерден көш ілгері. Қордай ауданында күн сәулесінен және желден, Меркіде судан энергия өндіретін және бірқатар ауданда орналасқан түрлі баламалы қуат көздері ел игілігіне жұмыс істеп тұр.
Олжас Ағабеков, облыстық кәсіпкерлік және ИИДБ басшысының орынбасары: — Жуық арада Жуалы ауданында қуаты 50 МВт болатын күн электр стансасы пайдалануға берілмек. Бұл – Орта Азияда теңдесі жоқ жоба. Оны британиялық инвестор «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен» бірлесіп іске асыруда. Осы секілді тағы көптеген инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олардан өндірілетін энергия мөлшері 7 МВт-250 МВт-қа дейін жетеді. 2018 жылға дейін аймақта барлығы 15 жаңартылған энергия өндіретін нысанды кәдеге жарату жоспары тұр. Егер бұл іске асса, 1000 МВт энергия өндірілмек. Яғни аймақ электр энергия импорты тәуелдігінен босап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болады. Ал жергілікті тұтынушылар осындай стансалардың іргесінде отырып, электр қуатынан тарылмайды.

«Ақ жол-ақпарат»

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support