- Advertisement -

Қазақ хандығына 550 жыл: Бөкей және Жәңгір хандардың қылыштары табылды

87

- Advertisement -

20150717000524Елбасының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілгеніндей, сан ғасырлық тарихымызды қастерлеудің маңызы зор.

Осы ретте көне жәдігерлердің орны ерекше. Орыс зерттеушілері Китта­ры мен Сабанщиковтың жазбала­рында көрсетілген, кезінде Жәңгір ханның «Қа­ру-жарақ палатасында» болған Әбіл­хайыр әулетінен Бөкей және Жәң­гірдің хан тағына отыруына орай Ресей патшалары берген қы­лыштары табылды. Бұл туралы Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса Махимов мәлім етті.

«Өткен жылы әдеттегідей жұмысқа келіп, басылымдардың жаңа сандарын оқып отырып, Ресейден шығатын «Мир музея» журналындағы «В Соколиной баш­не Ханского дворца» (Галина Останенко, музей истории и культуры крымских татар «Ханский дворец») деген мақалаға кө­зім түсті», — деді Ғайса Темірболатұлы. Бұл мақалада хан Жәңгірдің 1823 жылы таққа отырған кезінде Александр І патшаның сыйға тартқан қылышы туралы айтылған екен. Осы мәліметтерге сүйене отырып, дереу ғаламтор арқылы іздестіру жұмысын жүргізіп, «Бахчисарайский историко-культурный и археологический музей-заповед­ник» музейінің «В Бахчисарае открылась выставка средневековых оружий» деп аталатын қару-жарақ экспозициясы туралы түсірілген деректі фильмді тауып алдық. Көрмеде көз тартарлықтай көне қарудың түр-түрі жетерлік екен. Ішінде мақалада жазылған Александр біріншінің Жәңгір сұлтанға хан дәрежесіне көтерілуіне байланысты сыйға тартқан қылышы да тұр. Экспозицияны таныстырып жүрген экскурсия жүргізушісі құн­ды жәдігерді Бөкей хандығынан қалған деп айтып өтеді. Ішінде Жәңгірдің жинақтаған басқа да қарулары болар деген оймен ғаламтор арқылы музейге Жәңгір ханның қару-жарақ палатасының басқа да жәдігерлерін сұрасты­рып, хат жолдадық. Көп күттірмей бізге Хан сарайының ғылым жөнін­дегі орынбасары Полканова Анна Юрьевнадан жауап келді. Онда: «Здравствуйте, уважаемый Гайса Темирбулатович! На Ваше письмо о клинке, указанном в статье Г.Останенко «В Соколиной башне Ханского дворца» в журнале «Мир музея за ¹314 от 10 октября 2013 года сообщаем, что он действительно находится в фондах нашего музея», — деп жазылған. Ханнан қалған мұраның сақталғанына кө­­зіміз анық жеткен соң, қалған жәдігерлерді сұрастырып, тағы да хат жолдадық. Алайда бұл са­уа­лымызға көпке дейін жауап бе­­­рілмеді. Арада сегіз ай өткен соң күтпеген жерден мынадай қуа­нышты хабар келді: «Уважаемый Гайса Темирбулатович, пишет Вам Зайцев Илья. В недавнем прош­лом я работал заместителем директора Бахчисарайского ис­то­рико-культурного заповедника. Мне пере­сла­ли Ваше письмо в Музей о казахских клинках. Дей­с­тви­тельно, в Музее есть два клинка ханов Бу­кея и Джангира. Я совсем не­дав­но делал доклад о них в Москве на конференции (с пе­реводом над­писей и обстоятельствами по­­па­да­ния сабель в Бахчисарай). Этот до­клад готовится сейчас к пуб­­ли­ка­ции в журнале в Москве. Я го­тов пе­реслать Вам мою статью. С уважением, Илья».

Бөкей ор­да­сы тарихи-музей кешені құ­ра­­мын­да­ғы екі ғасырға жуық сақ­талған хан сарайының шығыс бө­лігі мен Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдаған «Мәдени мұра» бағ­дарламасы арқылы қайтадан қал­пына келтірілген хан сарайының орталық бөлігі мен батыс бө­лі­гі болашақта ханның мемориал­дық музейі болып жасақталмақ.

«Алдағы уақытта аталмыш құнды жәді­гер­лер күні бүгінге дейін сақталған хан сарайының шығыс бөлігінде жасақталған «Қару-жарақ палатасы» музейіне, яғни өзінің орны­на қойылса, бөкейліктер үшін үл­кен қуаныш болар еді. Қа­зақ хан­­дығының 550 жылдығына орай Батыс Қазақстанда белгіленген ша­ралардың бірі Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өтеді деп жоспарлануда. Осы айтулы оқиға қарсаңында қос ханның қылышы өзінің тарихи орнына қайтарылса дейміз»,  — деп түйіндеді ойын Ғ.Махимов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support