- Advertisement -

Ана бейнесін айшықтаған

77

- Advertisement -

Әріптесіміздің жаңа жинағы жарық көрді

Әріптесіміз, облыстық «Ақ жол» газетінің Сарысу, Талас аудандарындағы меншікті тілшісі Сәулембай Әбсадықұлының жаңа жинағы жарық көрді. «Әулет тағдыры» атты хикаятқа негізделген жинақ «Формат-Принт» баспаханасынан басылып шыққан.
«Отбасының тірегі әке болғанда, жүрегі – ана. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап түн ұйқысын төрт бөліп ана сәбиін өсіреді. Сәбидің тілі бесік жырын айтқан анасының үнімен ілесе шығады» деп кітап кіріспесінде жазылғандай, аталмыш хикаят XX-ХXI ғасырлар тоғысындағы аумалы-төкпелі шақтың қиын да қилы сәттерінде сол аналық ауыр салмақты көтерген әулеттердің аналары мен аяулы жарлары жайында баяндайды.
Жинақ «Әулет тағдыры», «Ананың көңілі балада», «Оның жақсы екенін айтыңдар», «Жақсылардың көңілі алтын сандық», «Алдымен анаңды, сосын анаңды, тағы да анаңды сыйла» секілді бес бөлімнен тұрады. Қаламгердің барлық бөлімдегі шығармалар желісі тілге жеңіл, көңілге қонымды өрбіген.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support