- Advertisement -

Қастерлім

118

- Advertisement -

Ақ ары – сенер мияты,
Басынан нелер өтпеген.
Ұлт едік уыз-ұяты,
Уыстан шығып кетпеген.

Жуаны сөзге жығылып,
Дуалы сөзге тоқтаған.
Даланың заңын ұғынып
Бетімен кеткен жоқ бабам

Ел едік кеше тәу етер.
Даланың дархан заңына,
Тәукелер еткен тәуекел,
Алаң боп елдің қамына.

Айналып заңға көшелі,
Кеңіді бүгін арнасы.
Әз Тәуке жазған кешегі,
«Жеті жарғының» жалғасы.

Арайлы күнге жол аштың,
Аманат болып атадан.
Айбыны сенсің Алаштың,
Арымдай асқақ, Ата заң!

Шаттықтың күйін шертейік,
Елміз ғой жұртпен тең күші.
Елбасы сүйген еңкейіп,
Елдіктің ерен белгісі.

Раббысын ғана растайтын,
Басымды ием мың рет.
Тура бір жолға бастайтын,
Құраннан соңғы құдірет!

Ақтолқын Күлекеева

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support