- Advertisement -

Бейбіт Назаров Kunlun Fight тұжырымы бойынша әлем чемпионы болды

64

- Advertisement -

Қазақстандық Бейбіт Назаров Kunlun Fight турнирінің титулға талас жекпе-жегінде Бразилия спортшысы Бруно Аморимді жеңіп, Қытай промоушенінің тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен турнирдің қорытынды кездесуінде Назаров пен Аморим жекпе-жегі тартысты болды. Екі жұдырықтасушы да сәт сайын басымдық көрсетіп отырды. Қазақстандық үшінші раундта рұқсат етілмеген соққы жасап, ескерту алып қалды. Үш раунд біткеннен кейін қазылар алқасы нәтижені ұзақ уақыт бойы талқылады. Қорытындысында төрешілер екі спортшыға қосымша раунд беріп, оның нәтижесінде Назаров жеңіске жетті. Аморим қазылар алқасының бұл шешімімен келіспей, марапаттау сәтін күтпей жатып, октагоннан кетіп қалды.

Турнирдегі өзге де жұптардың қорытындысын мына жерден оқи аласыздар. Еске салайық, Kunlun Fight лигасы Қытайдағы ең танымал турнилердің бірі. Бұл промоушеннің турнирін Қытай, Еуропа және Австралия тұрғындары көреді.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support