- Advertisement -

Ана

70

- Advertisement -

Ана, сен бәрінен де керемет ең,
Өзіңді мәңгілікке өлең етем.
Әлі күн еркелетіп жүр ме екен деп,
Сізге ұқсас дауыстарға елең етем.

Анашым – ақ көңілім, мақтанышым,
Сырымды саған айтам, ақтарып шын.
Алдыңда айыбым да көп қой менің,
Кешір әрбір шашыңның ақтары үшін.

Әуреге салса да сан күйгелегің,
Мен үшін барлық отқа күйген едің.
Өзіңдей өзгелерге өкпе де артпай,
Тап-таза өмір сүріп үйренемін.

Жан емен өзің барда табар қайғы,
Ананың бар бейнеті ғаламға әйгі.
Аман бол, жан анашым, өзің болсаң
Менің де балалығым жоғалмайды.

Мәншүк Тұңғышбай.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support