- Advertisement -

«ҚАЗАҚ РАПСОДИЯСЫ»

66

- Advertisement -

музыкалық туындысының авторы

Р. Әбдісағын ҚР Президентіне хат жазды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Рахат-Би Әбдісағын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасында бірқатар шығармалардың авторлық құқығына ие екенін айтады.
Р. Әбдісағын Отанына деген махаббатын фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған «Қазақ рапсодиясы» (эпикалық ән) атты музыкалық туындысы арқылы жеткізген. «Онда менің заманауи Қазақстанды қалай қабылдайтыным, оның қарқынды дамуын сезінуім көрініс тапқан. Мен өз сезімдерімді әркімге түсінікті дыбыстық музыкалық белгілер арқылы беруге тырыстым», — депті өз хатында консерватория студенті.
Автор қазіргі уақытта әлемнің түрлі халықтары дәстүрлерінің белсенді түрде кірігу үрдісі байқалып отырғанына тоқталады. «Әлемдік мәдениетте өзгелердің арасында біздің еліміздің, біздің халқымыздың мәдениетінің ең жақсы қырлары айқын көрінгені өте маңызды!» делінген хатта. Сондай-ақ, елдің тағдыры оның көшбасшысының тағдырымен тікелей байланысты екені де айтылған. «Біздің әрқайсымыз, Қазақстан азаматтары, Мемлекет басшысы жариялаған бағдарламаны дамыта отырып, өзіміз белсене араласатын салада қомақты үлес қосуға тиіспіз» деп толғанады хат иесі.
Хатының соңында Р. Әбдісағын Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан — 2050» Стратегиясы – елдің барша азаматтарының атсалысуымен табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support