- Advertisement -

Таразда 1 айға бірнеше көше жабылады

26

- Advertisement -

Таразда жылу желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты 1 ай мерзімге бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz 

Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы мәлімдеді.

«Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіледі. Соған орай, 2024 жылдың 19 сәуірі, сағат 20:00-ден бастап 1 айға Төле би даңғылының Жамбыл даңғылы мен Қолбасшы Қойгелді көшесі аралығы жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады.

Соған сәйкес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Жамбыл даңғылының Қазыбек би көшесінен Төле би даңғылы аралығындағы бір бағыттағы жол жолағы жабылып, барлық көліктің қоғалысына тыйым салынады.

Сонымен қатар, аталған жұмыс жобасына сәйкес, 2024 жылдың 20 сәуірі, сағат 20:00-ден бастап 1 аптаға Төле би даңғылының Әйтиев көшесінен Абай даңғылы аралығындағы бір бағыттағы жол жолағы жабылып, барлық көліктің қоғалысына тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Фото: inbusiness.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support