- Advertisement -

Ерлан Қарин бала қауіпсіздігін қорғайтын заң жобасының жаңашылдықтарын атады

8

- Advertisement -

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгін Сенат бірінші оқылымда мақұлдаған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz тілшісі Azattyq-ruhy.kz cайтына сілтеме жасап

Ол заң жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларының бірі екенін атап өтті.

«Заң жобасын әзірлеуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады», — дейді Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі.

«Бұл мәселе қашанда Мемлекет басшысының басты назарында. Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізуді қажет ететін әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атап өтті», — дейді ол.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support