- Advertisement -

«Таза Қазақстан» акциясына 22 мыңға жуық жамбылдық атсалысты

25

- Advertisement -

 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыста ұйымдастырылған іс-шаралар өз жалғасын табуда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Акция «Таза өлке», «Киелі мекен», Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық апталарға бөлінген. Әр аптада өз алдына атқарылуы тиіс жұмыстар сараланған.

Мәселен, «Таза өлке» тазалық апталығы аясында Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындар мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындар белсенді атсалысып, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша 21 640 мыңға жуық адам қатысып, 543 кәсіпорындар мен ұйымдарды атсалысты.

Іс-шаралар аясында 231 бірлік техника жұмылдырылып, көше мен аула, саябақ пен скверді қоса алғанда жалпы саны 1093 аймақ қоқыстан тазартылды. Осылайша барлық аумақтан 554 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ 27 365 тал-ағаштар отырғызылып, облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы күл-қоқыстар тазаланды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support