- Advertisement -

Тараз шаһарындағы тың өзгерістер

14

- Advertisement -

Тараз қаласы – тамыры терең темірқазық. Бұл шаһар өткеніміз бен бүгініміздің айнасы. Қазірде қаламыз күннен-күнге дамуда, өркендеуде.

Ал, Қазақстан азаматтарының қоғамдық сананың мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен үндес. Ол мəдениет, мінез-құлық тəжірибесі, салт-дəстүрді қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді. Сол себепті, қаламызда көңіл қуантарлықтай жобалар іске асырылуда. Оған басты себеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №44 қаулысымен Тараз қаласының жаңа бас жоспары бекітілді. Бас жоспар 2040 жылға дейін жоспарланған. Жоспардағы негізгі басымдықтар қала аумағын кеңейту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, көліктік инфрақұрылымды дамыту, логистиканы жақсарту болып табылады. Қаланың даму бөлігі солтүстік-шығысқа қарай бағытталған. Себебі, оңтүстікте мемлекеттік шекара, батысымызда əуежай, солтүстік шығыста өндірістік мекемелердің орналасуына байланысты. Өңірімде қаншама өзгерістер болғалы тұр, соның ішінде облысқа 9 су қоймасы салынады, Таразда 53 тұрғын үй жаңартылады, қаламызда 36 жаңа аялдама орнатылады, Таразда 2 бірдей үлкен көпір салынады. Облыс əкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі бірқатар мектептерге 14 су жаңа автобус көлігінің кілттерін табыстады. Өңіріміздегі өзекті мəселелердің бірі – азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында кешенді шаралар қабылданды. Тараз қаласында биыл 110 көше жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Облыста медициналық мекемелерге 40 су жаңа жедел жəрдем көлігі берілді. Атап айтып өткендей, өңірімізде атқарылып жатқан шаралар, жоспарлар орындалу үстінде. Əкімдіктің жасап жатқан еңбектерін əлеуметтік желілерденде көріп жатырмыз. Атқарылып жатқан шаралар, өз жалғасын тауып, өңіріміздің өркендеуіне өз үлесін қосса дейміз. Берекесі мен бірлігі біте қайнасқан еңселі елдімекеннің бүгінгі тірлігі де жарасымды. Мемлекеттің өркендеуі, халықтың əл-ауқатының өсуі, кез келген саласының дамуы, мемлекеттік қызметкерге тікелей байланысты.

Мөлдір АМАНҚҰЛ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support