- Advertisement -

Бас жоспар жобасы талқыланды

10

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Түлеубаев есептік баяндамасын жасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен бұл жиында спикер сәулет және қала құрылысы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Елді мекендердің бас жоспар жобаларына түзету енгізу бойынша әңгімеге тоқталып, облыстағы қала мен ауылдардағы 371 елдімекеннің құрылыс жобалары жайында сөз етті.

Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, былтыр жалпы 31 елді мекеннің бас жоспар жобаларына түзетулер енгізілген.

Оның бірі – Тараз қаласының 2010 жылы бекітілген бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары аяқталып, Үкіметтің осы жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысымен бекітілді.

Сонымен қатар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасымен, облыс көлемінде өзгерістер мен түзетулерді қажет ететін елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қатысты, Жол картасына сәйкес, түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес Тараздағы тұрғын үй алқаптары мен көшелердің егжей-тегжейлі жобаларына және өңіріміздегі 48 елді мекеннің қала құрылысы жобаларына өзгерістер мен түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Жиын барысында баяндамашы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталын құру туралы ақпараттарды да алға тартты.

– «100 – нақты қадам» Ұлттық жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» бағытын Жамбыл облысында 2016 жылы жүзеге асыру мақсатында, 371 елді мекеннің электрондық картасын әзірлену жұмыстары жүргізілді. «Қылмыстық құқық бұзушылық картасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қала мен аудан әкімдеріне айтылды, – дейді Алмас Жұманұлы.

Сондай-ақ, ол бүгінде Байзақ, Жамбыл, Меркі, Сарысу ауданының «қылмыстық құқық бұзушылық картасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, аяқталғанын айтты.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support