- Advertisement -

Кеңес беру қызметі жетілдіріледі

17

- Advertisement -

Еліміздегі қоғамдық кеңестер 2016 жылдан бастап «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру мақсатында қызмет атқарып келеді. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестермен олардың пәрменділігін арттыру, сапалық құрамын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді. Осы орайда, қоғамдық кеңестердің халық үшін аса сезімтал мәселелерді қарау мен шешудегі ұстанымдарын одан әрі күшейту мәселесі өзекті. Сондықтан биылдан бастап қоғамдық кеңестер қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында уәкілетті органмен барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер үшін азаматтарға арналған қоғамдық кеңес берулерді ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсынымдар әзірленді. Ұсынымдар барлық қоғамдық кеңестерге әрі қарай орындау үшін жолданып отыр.

Қоғамдық кеңес берулер – бұл қоғамдық кеңестердің азаматтарға, қоғамдық және кәсіби ұйымдарға, мысалы, нормативтік-құқықтық актілерге, инвестицияларға немесе азаматтардың күнделікті өміріне әсер ететін басқа бастамаларға қатысты өз ниеттерін білдіретін процесс. Ол тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және әлеуметтік желілерде немесе БАҚ-та өткізу кестесі жарияланады.

Қоғамдық кеңес берулер өткізу барысында азаматтарға әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер тарапынан қабылданатын шаралар туралы уақытылы хабарлануы тиіс. Қоғамдық кеңес отырысында азаматтармен өткізілетін мәселелердің тізбесі бекітіледі. Өз кезегінде қоғамдық кеңес азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдардың тізбесін қалыптастырады. Сәйкесінше, қоғамдық кеңес әлеуметтік желілердегі немесе БАҚ-тағы жарияланымдар арқылы қоғамдық кеңес берулер өткізу қорытындылары бойынша азаматтарды өз ұстанымдары туралы хабардар етеді. Қоғамдық кеңес берулер қоғамдық сараптаманы жүзеге асыру, өтініштерді қарау және қоғамдық кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау барысында өткізіледі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген қоғамдық кеңестердің халық үшін аса сезімтал мәселелерді қарау мен шешудегі ұстанымын күшейту мақсатында барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің қызметін жандандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасы қоғамдық кеңестер жұмысының негізіне айналуы тиіс.

Алдағы уақытта қоғамдық кеңестердің азаматтар үшін қоғамдық кеңес берулер өткізу тәжірибесін енгізу, қоғамдық кеңес мүшелерін нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелерінің құзыретін арттыру, қоғамдық кеңестер отырыстарынан ашық тыңдаулар мен тікелей трансляциялар өткізу үшін жағдайлар жасау бойынша нақтыланған шаралар көзделіп отыр. Осыған сәйкес, қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін консультативтік-кеңесші орган ретінде уәкілетті органның жанынан қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы құрылатын болады.

Айта кетейік, құрамы 31 мүшеден тұратын облыстық қоғамдық кеңесінің отырысында осы жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын күшейту мақсатында халықты толғандыратын неғұрлым өзекті мәселелер бойынша кеңес берулер жүргізу кестесі бекітілді. Алдағы уақытта кеңес мүшелері азаматтармен тікелей қоғамдық кеңес беруді өткізу қорытындылары бойынша азаматтарды БАҚ арқылы хабардар етіп отырады.

 

Жанар ОРЫНБАЕВА,

облыстық қоғамдық кеңес хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support