- Advertisement -

Жас таланттарды танытқан жоба

18

- Advertisement -

ІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Байқау атадан балаға мирас болған байлығымыз– туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіруді мақсат етеді.

Облыстық деңгейдегі кезеңге іріктеуден өткен 8 үміткер додаға түсіп, ережеге сай дайындықпен келгендерін көрсетті. Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін жатқа мәнерлеп оқумен қатар, ақынның өміріне, шығармашылығына қатысты қойылған сауалдарға жауап берді. Өлеңді жаттап қана қоймай, ішіндегі көнерген сөздердің мәнін де түсіндіріп айтты.

Байқау қорытындысы бойынша III-орынды Меркі ауданының балалар кітапханасының жас оқырманы Фариза Жаңғабай мен Байзақ ауданынан қатысқан Мөлдір Ғайпбай иеленсе, II- орын Талас ауданының оқушысы Гаухар Мұхтарға, I-орын Жамбыл ауданының жас оқырманы Мерей Жамалбекке бұйырды. Ал, Астана қаласында 27 наурызда өтетін ІІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына қатысуға жолдаманы Тараз қаласының Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әдия Әлімахамет жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас жеткіншектерді әдебиетке қызықтыра отырып, мәнерлеп оқуға баулыған ұстаздарына алғыс хат табыс етілді.

Әдеби іс-шараны тамашалауға орта және жалпы білім беру орындарынан 30-ға жуық жас оқырмандар, жетекшілер қатысты.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support