- Advertisement -

Аймақтардағы ахуалсөз болды

15

- Advertisement -

14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде аймақтардағы су тасқыны кезеңінің жайы туралы баспасөз конференциясы өтті. Жиында Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапты өкілдері хабарлама жасады.

Спикерлердің айтуынша, ел бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы бүгінгі күні салыстырмалы түрде тұрақты, елді мекендерде су айдау және қар шығару, су бұру арналарын, арықтарды тазарту жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Наурыздың бірінші онкүндігінде елдің шығыс және оңтүстік аймақтарында бір мезгілде қатты жауын-шашын мен ауа температурасының көтерілуі орын алды. Он күн ішінде ел аумағын қармен жабу ауданы 72 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеді. Су басу қаупі бар аймақта тәуекелді бағалау критерийлеріне сәйкес 217 елді мекен орналасқан.

Елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. 22 қаңтардан бастап 20 наурызға дейін су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы барлық жерде өткізілуде. Жыл басынан бері 64,8 километр уақытша бөгеттер және елді мекендердің айналасында 52,7 километрден астам қорғандар салынды. 721 километрге жуық каналдар мен 2296 километр арықтар, автомобиль және теміржол астындағы 15 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды. 384 мың тоннадан астам инертті материалдар және бір миллион екі жүз мыңнан астам қапшықтар дайындалды.

Су тасқыны мүмкін болған жағдайда халықты қабылдайтын 3031 пункт және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар нақтыланды, арнайы көліктер анықталды. Бүгінгі таңда су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал жағымсыз салдарының алдын алу және азайту мақсатында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің барлық бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

 

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support