- Advertisement -

Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшы Олимпиада медаліне таласады

32

- Advertisement -

Қазақ бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар бір Олимпиадада екі салмақта ел намысын қорғайды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz  сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде 80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай мен 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай екеуі бір үйдің баласы. Нақтырақ айтсам, екеуі бір құрсақты тепкілеп бірге туған егіз боксшылар. Міне, екеуі де ұлттық құрама сапында жаттығып, лицензиялық турнирге бірге барды. Екеуі де жолдамаға қол жеткізді. Осылайша қазақ бокс тарихында тұңғыш рет егіз боксшылар Олимпиадада ел намысын қорғамақ», — деді Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Еске сала кетсек, Айбек Оралбай ширек финалда АҚШ боксшысы Джамар Тэллиді ұтып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алса, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта ел намысын қорғап, ширек финалда Ирландия боксшысы Келин Кассидиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасынан алты боксшы аттанып, оның бесеуі Олимпиада жолдамасына ие болды.

Фото коллаж: Kazinform/olympic.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support