- Advertisement -

Белгілі ғалым Ғани Қалиев қайтыс болды

73

- Advertisement -

86 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, академик Ғани Қалиев қайтыс болды.

Бұл туралы PRO КАДРЫ KZ Telegram-арнасы жазды.

Ғани Әлімұлы 1938 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылында туған. 1962 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін, 1967 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік универ­си­те­тінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы – экономист.

Еңбек жолын 1962 жылы Жамбыл облысының «Майтөбе» кеңшарында аға экономист қызметінен бастаған. Әр жылдары халық шаруашылығы институында оқытушы, Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, одан кейін Қазақ қой шаруашылығы ҒЗИ директоры қызметтерін атқарған.
1988 жылдан – Қазақ экономика және АӨК ұйым­дас­тыру ҒЗИ директоры, 1991-1996 жылдар аралы­ғында Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академия­сының президенті болды.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доктор Ғани Қалиев ВАСХНИЛ-дің толық мүшесі, ҚР Ұлттық ғы­лымдары академиясының академигі, 300-ден аса ғы­лыми еңбектердің авторы, нарықтық реформаның не­гізін қалаушы көптеген алғашқы буын заң жобаларының бастамашысы және авторы. Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «Парасат» орденімен, «Астана» медалімен, «Тыңға 50 жыл»  медалімен марапатталған.

Фото: ашық дереккөз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support