Фатима Ғабитқызы әйгілі жазушының айтқанына құлақ асып, 6 баласымен Меркіге келіп, паналайды. Дәл сол 1942 жылы Меркі топырағында Мұрат Әуезов өмірге келеді. Осылайша, Фатима ана жеті баласымен Меркі ауылында 3 жылдай өмір сүрген. Меркі жеріне сол кездерде Мұхтар Әуезов те келіп кеткен. Қазіргі таңда Меркі аудандық тарихи -өлкетану музейінде Фатима Ғабитқызы жазған «Өртеңде өнген гүл» атты кітабы, сонымен қатар өзінің өмір жолына арналған «Фатима» атты кітап сақталған. Музейге келіп, «Фатима» кітабын парақтап, қайсар ананың өмір жолына үңіліп қайтатындар аз емес.
Сонымен қатар жазушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовке арнайы бұрыш ашылған. Бұл бұрыш 2017 жылы Мұрат Мұхтарұлының 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Сол кезде қазақ зиялыларының қатысуымен Мұрат Әуезовтің «Ділім» кітабының тұсаукесері өтіпті. Бұл бұрышта жазушының «Күнделіктер» кітабы, халықаралық ағарту ұйымының құрметті мүшелігін растайтын сертификат – куәлігі қойылған. Жазушының түрлі сапарлар мен кештерде түскен суреттері де әсерлі. Сонымен қатар, жазушы қолданған дүрбі, әкесінің құрметіне шығарылған білім мен ғылым саласының озаттарына берілетін Мұхтар Әуезов атындағы медаль сақталыпты. Меркіге Мұрат Әуезов сәті келген уақытта ат басын бұрып тұрған. Туып өскен мекені Меркі жайлы өзінің шығармаларында да, түрлі кездесулерде де толғаныспен айтып жүретін болған. Әйгілі жазушының перзенті де кемел білім мен парасаттың иесі ғой. Мұрат жазушының: «Тілден де, діннен айырылып қала жаздап, қайта оралған кезіміз болды. Әлі де кездеседі. Ал, ділден ше? Одан айырылу мүлдем мүмкін емес. Тек сол діл саулығы, діл тазалығы, діл беріктігі арқылы ғана жеке тұлға, дербес ұлт, Тәуелсіз мемлекет ретінде сақталып қалдық...», деген сөзі өзіне арналған бұрыштың төрінде жазылып тұр. Мұндай сөзді ұлтын сүйген, халқын құрметтеген тұлға ғана айта алатын шығар.
Меркіліктер Мұрат Мұхтарұлын айрықша құрметтейді, мақтаныш санайды. Бұл туралы аталған музейдің бөлім меңгерушісі Айман Жүрсінәлиева:
«Музейде 14 мыңнан астам экспонат сақталған. Оның басым бөлігі бағалы жәдігерлер. Олар бірнеше бөлімге бөлінеді. Дегенмен, осы Фатима Ғабитова мен Мұрат Әуезовке арналған бұрышты келіп көретіндер көп. Біз де жазушыға арнап жыл сайын түрлі іс-шаралар өткіземіз. Кейде мектептермен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырамыз. Алдағы күндерде Мұрат Мұхтарұлының өмірден өткеніне 40 күн толуына орай аудан көлемінде өтетін іс-шараға біз де үлес қосатын боламыз», – деді.
Есет ДОСАЛЫ
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет майталмандары бақ сынасты
- Бүгін, 00:34
Жамбылдықтар жалпыұлттық байқаудан жүлделі оралды
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді