Ойшыл азаматтардың жаны да, тәні де бөлек. Олар – патриоттар. Патриоттар қашанда ізгілік жолында жүреді, қай кезде де айналасын тағылымға бөлейді. Осындай жүрегі қазақ деп соққандардың бірі – әнші-композитор Әбиірбек Тінәлі. Біздің ауылдың азаматы болғандықтан, бала күнімізден әндерін тыңдап, әсерге бөленіп өстік.
Қазір де солай. Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітіне бара қалсаңыз, аласа бойлы, ақ тақиялы Әбиірбек ағам алдыңғы қатарда отырады. Кейінгі 4-5 жыл көлемінде үнемі ағаны сол мешіттен көремін. Ол кісіні мешіттің бас имамы да құрметтейді. Намаздың соңында Әбиірбек Берденұлына бата бергізеді. Үнемі солай. Сол кездегі Тінәлиевтың батасы-ай, шіркін! Батаның жүрекке жылы тиетін сөздерінен бөлек, оның дауысында бір ерекше бояу бар. Сондай жағымды. Өмірін әнге арнаған кісі емес пе, батасы да әуендей әдемі. Ең бастысы, қазіргі ұл-қыздарымызды көк жәшік пен ғаламтор тәрбиелеген заманда арамызда Әбиірбек ағай секілді ізгі жанның жүргені қандай жақсы. Батасы қандай құнарлы. Бәлкім, елімізде қазақы құндылықтардың толық жойылмай, салтымыздың сақталып келе жатқаны осындай арлы ағалар берген ақ батаның қабыл болуынан шығар!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




