- Advertisement -

Рамазан айында жолаушы адамның ораза тұтпауына бола ма?

101

- Advertisement -

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан – Алла Тағаланың мейірімі түсетін берекелі ай. Сондықтан исі мұсылман баласы бұл айды асыға күтеді.

Дегенмен сауаптар есепсіз жазылатын айда сапарға шығуға тура келіп, жолда жүретін адам не істеу керек? «Рамазан айында жолаушыға ораза тұтпауына бола ма?» деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға aqjolgazet.kz сайтының тілшісі ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің берген жауабын ұсынады.

Рамазан айында жолаушы адамның ораза тұтпауына бола ма?

Алыс жолға шыққан, шамамен 90 шақырым жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін» («Бақара» сүресі, 184-аят).

Егер жолаушы сәресін ішіп, таң атқаннан кейін жолға шықса, онда сол күннің оразасын бұзуға болмайды. Өйткені ол оразасын тұрғылықты кезінде бастап қойған. Оны өз еркімен бұза алмайды. Егер жолға шықпай жатып аузын ашса, оразаның қазасымен қоса кәффаратын өтейді. Ал сапарда аузын ашып қойған жағдайда тек оразаның қазасын өтейді. Сол үшін ораза ұстауға әрекетін жасамай таң атпай жатып жолға шығу керек.

Жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?

Жолаушы өзінің тұрғылықты тұратын жеріне оралғанда немесе бір қалада 15 күн тұрақтануды ниет етсе, ораза ұстауға міндетті.

Егер жолаушы сапардан үйіне күннің жартысынан бұрын қайтып, оразаға еш нәрсе жемей ниет етсе, оразасы дұрыс болады. Ал бесіннен кейінгі уақыт аралығында келсе, онда адамдардың айыптауынан аулақ болу үшін күн батқанша еш нәрсе жемейді. Себебі айып тағылатын нәрседен аулақ болу, сақтану – уәжіп. Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтейді.

Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па?

Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында былай дейді: «Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың абзал» («Бақара» сүресі,184-аят).

Сапарда рұқсатты пайдаланып аузын ашқаны үшін сауапқа ие болады. Ал оразаны ұстаса, одан көбірек сауапқа кенеледі. Егер ораза ұстауы өзіне немесе жолсерігіне қиындық тудырса, яғни жолсеріктерінің ауыздары ашық болып, бірге ішіп-жесе аузын ашуы абзал.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support