- Advertisement -

Кәсіпорын өндірісі артады

32

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы «Супер-Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы кәсіпорында қолданылатын жаңа технологиялардың жұмыс процесін көрді.

Кәсіпорында бір рет қолданылатын стерильді және стерильді емес киімдер, дәрі-дәрмекке арналған хирургиялық зығыр, бір рет қолданылатын медициналық құралдар, медициналық маскалар, барлығы 300-ден астам медициналық заттар шығарылады.

Бұл жоба 2011 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған болатын. Зауыттың жалпы жылдық қуаты 60 миллион дана медициналық өнімді құрайды.

«Супер-Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 650 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында кәсіпорын 995 миллион теңге несие алып, жұмысын жандандыра түсті. Бүгінгі таңда кәсіпорын облыстың дамуына 4 миллиард теңге инвестиция құйып отыр. Серіктестік осы жылдың мамыр айында тағы бір ғимараттың құрылысы аяқталып, кәсіпорынның өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Ербол Қарашөкеев жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын айта келе, аудан басшылығы мен тиісті бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support