- Advertisement -

83 жастағы студент

35

- Advertisement -

Ақтөбеде 80-нен асқан зейнеткер Зауза Молдабаева университетте білім алып жүр. Жастармен жарысып, таңмен сабаққа асығатын ерекше студент ағылшын тілін үйрене бастаған, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап.

83 жастағы Зауза әже 40 жыл ғұмырын медицина саласына арнаған. Ауданда ұзақ жылдар бойы терапевт дәрігер, кейін басшылық қызметте болған. Немере сүйіп отырған әже үнемі ізденісте жүреді. “Күміс” университет жобасы туралы да интернеттен білген екен.

“Мұның ішінде ағылшын тілін де үйретеді екен. Әйелдерді тігуге бейімдейтін бөлек бөлім бар. Содан кейін қазіргі IT компьютерлік жұмыстарды да үйретеді. Шетелдерде ақпарат жүйесі өте дамып кетті. Енді біз содан қалмауымыз керек. Соған ілесуіміз керек”, – дейді Зауза Молдабаева.

Кейуана сонымен қатар ағылшын тілін де үйреніп жүр.

“Сол беріп жатқан ақпараттың маңызы қандай, оның бізге пайдасы бар ма? Соны түсіну үшін ағылшын тілін оқуға кірісіп жатырмын. Мысалы to be деген “быть, болу” деген сөз. Менің болуым керек. Мен деген сөз I’m.”, – деп қосты зейнеткер.

“Күміс университеті” жобасының арқасында қазір Ақтөбеде зейнеткерлер түрлі курстан өте алады. Жобаға қатысу тегін. Ең басты шарт қатысушының жасы 50-ден жоғары болуы керек. Дәріс екі айға созылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support