- Advertisement -

Президент Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

18

- Advertisement -

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов президентке атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекеме бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр», — делінген ақпаратта.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

▪️Айта кетейік, Алматыда сағат 11:22-де 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. 12:54-те 2 балдық дүмпу болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 255 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Мамандар мұның автершок екенін хабарлады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support