- Advertisement -

Ақтоғандықтар ұңғыма қазуды қолға алды

23

- Advertisement -

Ауыл – елдің күретамыры болғандықтан, ел Үкіметі ауылдарды дамытуға көңіл бөліп отыр. Сондай қолдаудың бірегейі «Ауыл аманаты» жобасы арқылы тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартудың игілігін көргендердің қатарында Меркі ауданындағы Ақтоған ауылы бар.

Өткен жылы Ақтоғанда аталған жобаның бірінші бағытымен үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 183 аула қатысуға ниет білдірген. Сол аулалардағы 26 гектар жерді игеру жоспарланған. Ауыл әкімі Данияр Әбдіразақтың айтуынша, халықты сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма қазу бағыты бойынша ауылдық округ тұрғындарына, шаруа қожалық жетекшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Ал, 56 ауыл тұрғындарының үйлерінде жер құдықтары қазылған және 44 үй ағын сумен қамтамасыз етілген. Қалған несие алушылардың барлығына құдық қазу ұсынылуда.

– «Ауыл аманаты» жобасының екінші бағытымен несие алуға 258 тұрғынның құжаты «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына тапсырылды. Солардың ішінде 240 азаматтың құжаты бекітіліп, 1 469 939 800 теңге несие берілетін болды. Бүгінгі күнге 210 азаматқа 1 288 139 800 теңге несие берілді. Үшінші бағытымен «Ақтоған — 2023» агроөндірістік кооперативі құрылып, әділет органдарында тіркелді. «Жұмақұл» шаруа қожалығының басшысы Ақтанбек Ақылбаев кооператив төрағасы болып тағайындалды. Бұл шаруа қожалық егістік егумен және мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысады. Иелігінде бір комбайн, 2 жүк көлігі тіркемесімен, 2 трактор, бір германка, 2 престеп жинаушы, егін егуге қажетті агрегаттар және 205 гектар егістік жері бар. Кепілдікке қоятын нысаны дайындалып, келісімшарт рәсімделді. Жалпы 5 539 800 мың теңге қажет. 800 соттық жер теліміне 714 алма ағашын егу көзделген. Ауыл сыртындағы жер телімін пайдалану бойынша 65 гектар бидай, 75 гектар арпа егу жоспарланды, оған 5 миллион теңге қажеттігі есептелді. Төртінші бағыт бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін жабдықтау үшін 12 техникаға 109 788 мың теңгеге өтінім берілді. Қазіргі таңда «AGROMASH» ауыл шаруашылық кешенінен 44 миллион теңгеге жаңа екі 1304 LOVOL тракторын сатып алды. Бесінші бағыт бойынша бір ауыл тұрғыны шағын жем тарту цехын ашып, өз кәсібін бастауға ниет білдіруде. Бұған 8 600 мың теңге қаржы қажеттігі белгілі болды, – дейді Данияр Ақылбекұлы.

Ақтоғандық 6 азамат қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін ашып, бүгінде жұмыстарын жүргізіп отыр.

Тағамның тазалығы үшін шаруа қожалықтағы төрт түліктің денсаулығын күтіп-баптау да маңызды. Ақтоған ауылдық округінде жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық тексерулер тұрақты жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері 55632 бас ұсақ мал мен 6544 бас мүйізді ірі қарадан және 130 бас жылқыдан қан алынған. Сарып ауруына оң нәтиже көрсеткен 2 ұсақ мал сойылып, өңдеуге жіберілген. Иелеріне өтемақысы төленіпті.

Айта кетейік, бұл ауылдық округте «Тілеміс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 85 шаруа қожалық, 272 жеке кәсіпкер тіркелген. Жалпы округте 12639,9 гектар жер бар. Оның 5779,9 гектары егістік, барлығы да толығымен игерілген. Жайылым жер көлемі 6543 гектар болса, 1451 гектар суармалы, 151 гектар шабындық, 1831 гектар бөгде жер.

Өткен жылы ауылдық округте 7 шаруа қожалық 7 жаңа трактор, екі комбайн, бір дән сепкіш, үш соқа, бір шөп престегіш сатып алған. 2023 жылы 8,1 тонна қой еті «Мерке ет» комбинатына өткізілген.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Меркі ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support