- Advertisement -

16 мың азаматтың құқығы қорғалды

45

- Advertisement -

1991 жылдың 6 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына тиісті деңгейде қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.

Жамбыл облысының прокуратурасы 1939 жылдың 26 қазанында құрылған.

Кеңес Одағы кезеңіндегі Жамбыл облысы прокуратурасын: Хәкім Сәдуақасов (1940-1941ж.ж.), Александр Полуэктов (1941-1944 ж.ж.), Мұқыш Абдулқадыров (1944-1950ж.ж.), Макеш Капенов (1950- 1952 ж.ж.). Тәуке Нұрғазинов (1952-1962 ж.ж.), Барьян Тұрсынов (1962-1977 ж.ж.), Тілепалды Ибраев (1977-1984 ж.ж.), Ақаш Абдрахманов (1984-1989 ж.ж.), Пазылкәрім Баймұқанов (1989-1992 ж.ж.) басқарған.

Кеңес Одағының Батыры, жазушы, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы 1930-1932 жылдары Жуалы ауданы прокуратурасында аудан прокурорының көмекшісі, аудан прокуроры қызметтерін атқарған.

Тәуелсіздік жылдарында облыс прокуроры болып Әбдіқадыр Кәрім (1992-1995 және 2008-2009 ж.ж.), Серік Қараманов (1995-1998 ж.ж.), Қабдолла Төлегенов (1998-2001 және 2003-2008 ж.ж.), Мұхамеджан Пақырдинов (2011- 2003 ж.ж.), Есенжан Досанов (2009-2010 ж.ж.), Бағбан Таимбетов (2020-2012 ж.ж.), Ернат Сыбанқұлов (2012-2017 ж.ж.), Ибраһим Иманов (2017-2019 ж.ж.), Жарқын Құсайынов (2019-2020 ж.ж.) еңбек еткен.

Ал, 2020 жылдан бастап Нұрғалым Әбдіров облыс прокуроры қызметін атқаруда.

Облыс прокуратурасы – республика деңгейінде басшылық құрамында қызмет атқарып жүрген бірқатар парасатты тұлғаларға тәлім-тәрбие берген ұжым. Бүгінде прокуратура қарамағында қала мен 10 аудан, 1 мамандандырылған арнайы прокуратура бар. Сонымен қатар, «Құқықтық мониторинг» орталығы да жұмыс істеуде.

Прокуратура органдарының басты міндеттері – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

84 жылдық тарихы бар Жамбыл облысы прокуратура органдары жергілікті жерлерде заңдылықты нығайтуды, мемлекет мүддесін, азаматтардың әлеуметтік, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздеген міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Прокуратура өзінің конституциялық міндеттерін жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдардың құқықтық алаңда жұмыс істеуіне ықпал етуде.

Осы жылдың өзінде прокурорлармен 16 мың азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен де кері байланыс орнатылып, атқарылған жұмыстар тұрақты түрде жариялануда.

6 желтоқсан – Прокуратура күніне орай, барлық прокуратура қызметкерлерін төл мерекемен құттықтай отырып, заңдылықтың сақталуын абыроймен қамтамасыз етіп, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестерді бағындыруды тілеймін!

 

Нұрбек ҰЛАСБЕКҰЛЫ,

облыс прокурорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support