- Advertisement -

Сұйытылған мұнай газының тапшылығы бар

10

- Advertisement -

Бүгінде Тараз қаласында кейбір автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газын «лимитпен» немесе талонмен сату байқалады. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 517 тонна сұйытылған мұнай газы қалдығы бар. Бұл 3-4 күндік қор. Еліміздің энергетика министрлігі арқылы облыс үшін биылғы қараша айына «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 5218 тонна, ал желтоқсан айына 5466 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген. Әзірге зауыттан облысқа 4 433,6 тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтіліпті.

Қазіргі таңда облысқа 15 вагон-цистернамен 540 тонна сұйытылған мұнай газы теміржол жүк көлігімен жеткізілуде.

Айта кетейік, облыста газ қондырғысын орнатқан 29 437 автокөлік бар. Осы және облыста тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, газбен, ауыз сумен, электр және жылу энергиясымен жабдықтау жұмыстары жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 146 жобаны іске асыруға 31,9 миллиард теңге қарастырылған. Келесі жылға жалпы сомасы 78,9 миллиард теңгеге 175 жоба қаржыландыруға ұсынылған.

– Әр сала бойынша тоқталып кететін болсам, ауыз сумен жабдықтау бойынша қала халқының 93,6 пайызы, елді мекендерде 94,8 пайызы қамтамасыз етілген. Биыл 54 жоба бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 13,6 миллиард теңге қаралды. Оған 36 елді мекен мен қалалардағы 5 тұрғын а лқапты с апа лы ауыз сумен қамтамасыз ету жо спарланған. Жылдың 10 айында 23 елді мекенде 16,5 мың адам, қалалардағы 3 тұрғын алқапта 6,3 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жамбыл облысына табиғи газ «Бухара газнасосты аумақ – Ташкент, Бішкек, Алматы», «Қазақстан- Қытай» магистральдық газ құбырлары және «Амангелді газ» кенішінен тасымалданады. Облыста 371 елді мекенде 1 257 955 адам тұрады. Былтыр 18 газдандыру нысанының құрылысына 11,2 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 274 елді мекен немесе 1 099,2 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілді. Осы жылы 11,8 миллиард теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы бойынша 16 жоба іске асырылуда.

Облыста 23 нысан электр энергиясын өндірумен айналысады, олардың жалпы қуаты 1 741,3 МВт құрайды. Электр энергиясының тұтыну қуаты сағатына 374,3 МВт болса, оның ішінде тұрғындар – 152,5 МВт, басқа да тұтынушылар – 16, 8 МВт, өнеркәсіп кәсіпорындары – 205 МВт пайдаланады. Осы жылдың 10 айында сағатына 3 103,2 миллион кВт электр энергиясы өндірілді. Осы аралықта сағатына 2 873,4 миллион кВт электр энергиясы тұтынылды. Жалпы, облыста электр желілерінің ұзындығы 15 560 километрді құрайды. Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша күн, жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, осы бағытта біздің облыс көп инвестордың назарын аударуда. Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 451,3 МВт құрайтын 21 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істеуде. Оның ішінде алтауы су электр стансасы (24,4 МВт), тоғызы жел (175,6 МВт) және алтауы күн электр стансасы (251,2 МВт) бар, – деген Дамир Сейсенбекұлы қазіргі жылыту маусымында атқарылып жатқан жұмыстарды да айтып өтті.

Облыс бойынша 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Олар 1739 әлеуметтік нысан мен 1646 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жылыту маусымына дайындық іс-шараларына әртүрлі қаржыландыру көздерінен 8,804 миллиард теңге қаралып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымында 1,250 миллион текше метр газ көлемін тұтыну жоспарланған, ал резервтік мазут қорында 15 мың тонна бар.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support