- Advertisement -

Ербол Қарашөкеев белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевпен кездесті

56

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің үйіне арнайы барып, кездесті.

Аймақ басшысы өнер иесінің ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегін, облыстың, еліміздің мәдениеті мен руханиятына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, облыс әкімі барша жерлестерінің мақтанышына айналған тұлғаның алдағы уақытта да абырой биігінен түспей, шығармашылық табыс, ұзақ ғұмыр кешуін ниеттестігін білдірді.

Өз кезегінде тоқсанды алқымдаған ардақты ақсақал, дарын иесі Әбдімомын Желдібаев та ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Кездесу барысында өнер, руханиятқа қатысты келелі әңгіме өрбіп, өңірдің мәдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ой-ұсыныстар талқыланды.

Айта кетейік, Шу ауданының тумасы, «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтің бүгінге дейін 70-тен аса шығармасы жарық көрген.

Автордың «Жетісу сазы», «Толғау», «Көк шолақ», «Сұңқар сезім», «Ерке сылқым», «Өмір өзен», «Әулие-ата», «Боз жігіт», «Ыдырыс» атты т.б. күйлері, «Сұлутер», «Қызыл гүлім-қызғалдағым», «Шырайлым», «Қызыл елiк», «Сырымды айтам» секілді көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.

Тұлғаның қазақ өнерiнiң алтын қорына енген «Өмір-дастан», «Жетісу сазы», «Шабыт», «Көкшолак». «Төле би толғауы», «Самғау», «Ерке сылқым» күйлерiн ерекше атауға болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support