- Advertisement -

ТЖД хабарлайды

49

- Advertisement -

«Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» өтуде

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар жастарды өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу мақсатында Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жылу беру маусымы басталғалы әр сенбі сайын «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізіп келеді.

Рейдке төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен қатар, «Жібек жолы жастарының» еріктілері және «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл өндірістік филиалының өкілдері қатысуда.

Мәселен, өткен сенбіде облыс орталығындағы Абылай хан көшесі мен бұрылыстарында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» ұйымдастырылып, оған қатысушылар 415 үйді аралап, тұрғындарға нұсқаулықтар берілді және оларға электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғындардың өртке қарсы нормаларын, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ұсынылып, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және тек жұмысқа жарамды жылыту аспаптарын қолдануға басты көңіл бөлінді.

Маңызды мәселелер сөз болды

Жақында Жуалы ауданының төтенше жағдайлар гарнизоны қызметкерлерімен дәстүрлі емес діни идеологиядан және экстремистік ұйымдардан қорғану, олардың қоғамдағы беделін төмендету, сондай-ақ жолда жүру ережелерін сақтау тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға аудандағы орталық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаев, облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық инспекторы Рамазан Абделиев, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Төрегелдиев қатысты.

Бас имам өз сөзінде ислам адамзатты тек мейірімділікке баулуға арналған дін екендігін, ал дінге байланысты көкейде қандай да бір сауалдар туындаса, әрдайым мешіт имамдарына жүгінуге болатынын айтты. Рамазан Абделиев болса өзге дәстүрлі емес діни идеологиялардан сақтану үшін кез келген адам мәдени және діни білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы артық болмайтындығын тілге тиек етті. Ал, полиция инспекторы Е.Төрегелдиев жолда жүру ережелерінің баршаға ортақ екенін, ол үшін қызметкерлердің қызметтік көлікті және қызметтен тыс уақытта жеке көлікті басқару кезінде жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір еске салды.

Құтқарушылардың дайындығы пысықталды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы 10 өрт сөндіру бөлімі жүргізушілерінің қатысуымен өрт сөндіру автоцистернасының көмегімен табиғи су көздерінен су алу әдістері бойынша қосымша сабақ өткізілді.

Аталған сабақ барысында жүргізушілердің білімдерін тәжірибелік тұрғыдан шыңдау мақсатында бөлім аумағында қысқы кезеңде қолдануға арналған күштермен құралдарды, атап айтқанда, мотопомпа, генератор, жылыту пушкаларының жарамдылығын тексеретін саптық байқау жүргізілді.

Осындай сабақтар облыстың барлық аудандарында да өткізілді. Мұндай тәжірибелік тұрғыда өткізілетін сабақтардың тек жеке құрамға ғана емес, сондай- ақ облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін де тигізер пайдасы мол екенін атап өткен жөн.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан Әлихан Бөкейхан атындағы 15 мектеп-лицейінде өртті сөндіру шараларын жүргізу, адамдарды құтқару, эва­куациялау және өзара жауынгерлік әрекет ету бой­ынша іс-шараларды пысықтау мақсатында жоспарға сәйкес өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бүгінде 93 оқушы білім алып жатқан аталған білім мекемесінде 32 мұғалім еңбек етеді

Оқу-жаттығуға Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру техникасы, 1 қо сымша техника және жеке құрамнан 8 адам, сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 1 қосымша техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, жаттығуға аудандық полиция бөлімше сінің және «Жедел жәрдем» қызметкерлері мен аудандық электр желілерімен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Оқу-жаттығу соңында мектеп қызметкерлері мен балаларға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support