- Advertisement -

Шәріп Омаров атындағы турнир

15

- Advertisement -

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, СПОРТ ЖАНАШЫРЫ БОЛҒАН ШӘРІП ОМАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Ауданда 15 рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Түркістан облысының Созақ ауданымен қатар облысымыздың Байзақ, Сарысу және Талас аудандарының құрама командалары қатысты. Жасөспірімдер арасында өткен жарыс тартысқа толы болды.

Жарысқа бір кездері республикамызға белгілі «Досмұқасан» ансамблінің мүшесі болған, спорт шебері, қоғам қайраткері Шәріп Омаровты еске алу турниріне үзеңгілес досы «Фосфорит-Шарип» қоғамдық қорының төрағасы, футбол ардагері Бақыт Сарыбаев та қатысып, талай жылдан бері өз демеушілігімен қатар үлесін қосып келеді. Жалпы осы турнирдің жылда өткізіліп келе жатқанын ескерсек, биыл бұл жарыстың ұйымдастырылуына Шәріп ағамыздың достары, академик Досым Сүлеев, Мейірбек Молдабеков, спорт ардагері Мырза Қазиев және футбол жанкүйері Бекетовтер әулеті демеушілік көрсетті.

Жарыс жүлдесіз болмайды. Ойын қорытындысында бірінші орынды көрші облыстың Созақ ауданының командасы жеңіп алды. Екінші орынды Қаратау қаласының командасы иеленсе, келесі орындар Байзақ ауданы мен Жаңатас қаласының ойыншыларына берілді.

Қоғам қайраткері атындағы турнир өз мәресіне жетіп, турнир қатысушыларын спорт ардагерлері Рашид Сейдалиев, Төлеген Әкебеков және Мырза Қазиев марапаттап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

Жанат САРЫБАЕВА,

облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support