- Advertisement -

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының ШЕШIМI

25

- Advertisement -

Тараз қаласы № 8-4 18 қазан 2023 жыл (кезектен тыс, сегізінші сессия) «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы мына төмендегілерге берілсін:

  1. Әбілқасымова Алма Есімбекқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
  2. Берік Масат Әшімұлы – еңбек ардагері;
  3. Жабагиев Қожахан Көкірекбайұлы – «ЖетісуСтройИнвест-2030» ЖШС бас директорының кеңесшісі;
  4. Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы;
  5. Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры; экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
  6. Смаилов Асхан – еңбек ардагері;
  7. Төлегенов Руслан Қаншыбекұлы – «АСАР» Жамбыл облысының мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
  8. Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиевм

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support