- Advertisement -

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ – АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚАҚПАНЫ

33

- Advertisement -

Қаржы пирамидасы дегеніміз не? Ол заңмен қудалана ма? Қазіргі таңда бұл мәселе қаншалықты өзекті? Әуелі осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Қаржылық пирамида дегенiмiз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың бiрiншi қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.

Қаржы пирамидасының белгiлерi қандай? Ондағылар жаңа қатысушыны тартқан сәтте оларға жоғары табысты, кез келген жағдайда ақшалай кірісі болатындығын уәде етеді. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлi тренингтер ұйымдастырады. Бүгінде қаржы салу туралы туыстарынан, көршілерінен немесе жеке қоңырау шалу арқылы ұсыныс алмаған адам жоқ шығар. Мұндайда бірден бас тартатындар бар. Дегенмен, қызығып, кірісі қанша екенін сұрайтындар да жеткілікті. Өкініштісі, компанияның қаржылық жағдайы, қызметі, табыс көзінен гөрі адамдарды қаржы салу жолдары, одан қандай табыс табатыны және табыс тапқан адамдар туралы ақпарат көбірек қызықтырады. Адамдарға ұсыныс жасаушының қоғамдағы бедел-абыройы мен танымалдылығы да ерекше ықпал етеді. Сөйтіп, өз ақылынан гөрі өзгенің ақылына жүгініп жатады. Бұл дұрыс емес!

Қаржылық пирамидалардың Қазақстанда өркен жаюына елімізде қаржылық институттар мен құралдардың қажетті деңгейде жетілмеуі және халықтың қаржылық сауатының төмендігі себеп. Алданған адамдардың қаржылық пирамидаларға салған қаражатының көлеміне қарасақ, оларда артық ақша барын аңғаруға болады. Олар қаражатын инвестициялауға дайын. Бірақ, адал инвестициялық ұйымдар мен нақты өндірістік жобалар жоқ.

Елімізде ішкі инвесторлар әлеуетін пайдалану тәжірибесі мүлде дамымаған. Ол түгілі, бар, жиналған ақшаны (мысалы, зейнетақы қорындағы) игерудің, тиімді басқарудың өзі мұң болып отыр. Айналып келгенде, бұл мәселе қаржылық институттардың жұмысының әлсіздігі және тиімсіздігінен туындап отыр.

Екінші жағынан, азаматт арымыз қарапайым экономика заңдылықтарын білмейді: шығын мен кірістің ара қатынасын ажырата алмайды, ауадан ақша жасауға болатынына сенеді. Халықтың қаржылық және құқықтық сауаты мен мәдениетінің тым төмен болуы да әсер етіп отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде айтып өтті.

Таразда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталып, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «TheFiniko» жобасын ресми түрде қаржы пирамидасы деп таныған. Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «TheFiniko.СОМ» бағдарламасы арқылы салымшыларды тартқан. О л а рд ы ң қаражатына, яғни крипто валютасына әлемдік биржаларда ойдан шығарылған трейдингті іске асырып, кейін кірісті қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында бөлгені анықталды, – делінген қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында. Ведомство өкілдері «TheFiniko» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуын сұрап, жан-жақты тексеріс арқылы талайды сан соқтырған жобаға қатысы бар деп танылған азамат пен азаматшалардың заң алдында жауап беруіне барынша ықпал етті.

Қорытындылап айтқанда, халықтың мұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептерi қаржылық- кредиттiк заңнама саласындағы бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi, ақшаны ұстау мәдениетiнiң төмендiгi, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауынан болып табылады. Айта кетейiк, бүгiнгi таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзiнiң 39 елiнде тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi халыққа абай болуды ескертедi.

Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support