- Advertisement -

Алдымызда үлкен міндеттер мен мақсаттар тұр

87

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларының басты бағытының бір саласы – ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл шаруашылығын өндіріспен қатар дамыту. Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң- мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды. Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді.

 

ҚҰНАРЛЫ МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық та берілген. Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы құны 95,5 миллион теңгені құрайтын төрт жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда инфрақұрылым тарту бойынша екі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, оның біріншісі, Шақпақ ауылдық округіндегі «ШақпақДорсервис» ЖШС- не орта қысымды газ жүйесін жүргізу. Қазіргі күні оның құжаттары толықтай рәсімделіп, сараптамалық комиссияда оң қорытындысы алынған. Жоба құны 37 миллион теңгені құрайды. Екіншісі, «Ахмадбекова» жеке кәсіпкерлігі 5000 басқа арналған құс фермасын салуды жоспарлап отыр. Оның инфрақұрылымын (электр желісі және газ жүйесін) жүргізу үшін тиісті құжаттары қайта жинақталып, сараптамалық комиссияға ұсынылып мақұлданды. Қаржы қаралып бүгінгі таңда инфрақұрылым тарту бойынша мемлекеттік сатып алу базасы арқылы жұмыстар атқарылуда. Жоба құны 12 миллион теңгені құрайды.

Жуалы ауданы өзіндік агро-белдеуі бар ерекше өңір. Осыған сәйкес, аудан аумағында егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Осы жылдың жартыжылдығында болжамды ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11 141,6 миллион теңгені құрап, оның орындалуы 101 пайызға жеткен. Ауданда мал басының өскені байқалады. Атап айтсақ, мүйізді ірі қара 53508 басқа, қой-ешкі 268312 басқа, жылқы 19056 басқа, құстар 115049 басқа жеткен. Ал, шошқа басы 109 басты құрайды. Мал шаруашылығында тұрғындардың күнделікті табыс көзіне айналғаны ол – сүт өндірісі. Ауданда мүйізді ірі қараның аналық басы 24 956 құрап, өндірілетін бір күндік сүт көлемі 120 мың литрді құраған. Оның 88 мыңы сүт өңдеу зауыттарына өткізілсе, 32 мың литрін халық өз қажетіне қарай тұтынуда.

Жалпы сүт көлемін 2,5 есеге арттыру үшін сапалы мал азығын дайындауға көңіл бөлінуде. Яғни, құнарлы мал азығын дайындау арқылы әрбір сиырдан сауылатын сүт көлемін 8 литрден 15 литрге жеткізу көзделуде. Осы мақсатта пішендеме, сүрлемдік жүгері дайындау жаңа құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінде және жекелеген шаруа қожалықтар тарапынан жолға қойылып отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, аудан тұрғындарын таза табиғи өніммен қамту алдымызда тұрған басты міндеттің бірі. Аудан аумағында орналасқан агроқұрылымдарға барлық мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Мал басына беріліп отырған субсидиялар да өңірдегі шаруашылықтың аяқтан тұрып кетуіне өз септігін тигізуде.

Құнарлы мал азығын дайындау үшін 600 гект ар а лқапқа жүгері орналастырылған. Одан 12 мың тонна сүрлем бастыру жоспарланған. Жалпы мал азығы ауданда 34 190 гектар алқаптан дайындалуда. Мал азығы үшін биыл 190 мың тонна пішен, 18 мың тонна пішендеме, 37 мың тонна сабан, 20 мың тонна сүрлем дайындау көзделуде. Бүгінгі таңда 150 мың тонна пішен, 30 мың пішендеме дайындалған. Сабан дайындау жұмыстары енді басталса, сүрлем күз айларында бастырылады.

Мал жайылымы мәселесі де тиісті талаптарға сай реттелуде. Былтыр елді мекен айналасынан 5-7 километрде орналасқан жалпы көлемі 13 590 гектар алқапты құрайтын 95 жер телімі анықталған болатын. Қожалық басшыларымен және ауылдық қоғамдастық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, қайтарылған жер телімдері мал жайылымы үшін ортақ пайдалануға берілді. Биыл игерілмей жатқан 10 мың гектар жер телімін қайтару жоспарлануда. Жалпы биыл аудан шаруаларының жайылым жерлерін ұлғайту мақсатында ауданға тиесілі жалпы көлемі 810,6431 гектарды құрайтын 13 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Оның ішінде егістігі 193,27, жайылымы 557, 3731, шабындығы 45 гектар, басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15 гектар жер телімі бар. Бұдан бөлек, жайылым тапшылығын жою мақсатында ауыл тұрғындарының бойдақ малын сыртқы жайылымға, ал қолда қалған сауынды малдарды ауыл іргесіндегі жайылымда ұстау мақсатында жұмыстар атқарылып, бүгінде 5 901 бас мал орман жер қорына шығарылды.

Су үнемдеу қондырғыларын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, «Дархан» шаруа қожалығы 38 гектарға орналасқан картоп алқабын тамшылатып суғарып жатса, «Төлеген», «Мерсейіт» және «Мухиддин» шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатқан. Бүгінде 295 гектар алқап жаңбырлатып және тамшылатып ылғалдандырылуда.

Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін беруде. Жалпы, ауданда бұл жобамен үш ауылдық округте ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып жұмыс істеуде. Атап айтсақ, олар – Ақтөбе, Ақсай, Жетітөбе ауылдық округтері. Биыл жобаға Қызыларық пен Қарасаз ауылдық округтерін енгізу жоспарланып, аталған округ тұрғындары құжаттарын рәсімдеуде. Бұдан бөлек, 2023 жылы «КТ Жуалы» несие серіктестігі арқылы 39 шаруа қожалық несиемен қамтылса, соның ішінде «Кең дала» бағдарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарына 15 шаруашылық 140,3 миллион тенге несие алған. Ауданда бүгінгі таңда астық жинау жұмыстары қызу жүргізілуде.

 

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

Бүгінгі таңда ауданда құрылыс саласына атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кеңейіп келеді. Биыл ауданда орындалған құрылыс көлемі 936,7 миллион теңгені құрап, 120,5 пайызға орындалып отыр.

Тұрғын үй саласы бойынша ауданда бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Б.Момышұлы ауылында орналасқан 18 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысын тараздық «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Алдағы уақытта Б.Момышұлы ауылында 60 пәтерден тұратын 10 көпқабатты үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып сараптамалық қорытындысы алынды. Бес қабаттан тұратын көпқабатты тұрғын үйдің әрбірінің жобалық құны 791,3 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыстық құрылыс басқармасына бюджетті өтінім берілген. Облыс басшылығы тарапынан қолдау тапқан екінші көпқабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары таяуда басталып кетті. 18 пәтер үш қабаттан тұратын жаңа ғимараттың құрылыс жұмысын «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.

«Асар» жобасы да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында өткен жылы жалпы құны 26,5 миллион теңгені құрайтын 14 тұрғын үй әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілген болатын. Биыл да 14 тұрғын үйді беру жоспарланып отыр.

Ауданда орталықтандырылған таза ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 36. Халықтың 73,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі таңда өткен жылдан өтпелі болған Бәйтерек, Кәріқорған және Тасбастау елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Олардың құрылыс жұмысына 427,7 миллион теңге бөлінген. Алда Ақтөбе елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылған.

Елді мекендерді газдандыру жұмыстары ауданда табысты іске асырылуда. Биыл Қошқарата ауылындағы кварталішілік газ желісін тарту құрылыс жұмыстарына 110 миллион теңге бөлініп, қаржы толық игерілген. Бүгінгі күні ол нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Осы атқарылған құрылыс жұмыстарының аясында 45-ші елді мекен табиғи газбен қамтылып, көгілдір отынмен қамтылғандар 97,1 пайызды құрайтын болады.

Сондай-ақ, биыл табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге 307 824,4 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, Қарабастау, Абдықадыр, Жылыбұлақ пен Дарбаза ауылдарына кварталішілік газ тартуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі уақытта магистралды газ тарту желілері мемлекеттік сараптамадан өткізілуде және аталған елді мекендерді 2025 жылға дейін газбен қамту жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендерді 100 пайыз табиғи газбен қамту көзделуде.

Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Жол – күре тамыр. Бұл бағытт а қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Бүгінгі таңда аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 561,2 километрді құрайды. Оның қанағаттанарлық жағдайы – 75 пайыз.

Биыл жол құрылысы жұмысына ауданның барлық бюджет көздерінен 1190 миллион теңге бөлініп, 34 жоба қолға алынды. Осы жобалар аясында 52,494 километрді құрайтын автомобиль жолы орта жөндеуден өткізілуде. Бұдан бөлек, елді мекендердегі ауылішілік 41,504 километрді құрайтын 49 көше мен аудандық мәндегі 2 жоба аясында орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 23 жоба іске асырылуда. Жалпы, жол құрылысы жұмыстарының қанағаттанарлық үлесі 84 пайызды құрайтын болады.

 

ЖҰМЫССЫЗДАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

Ауданда биыл Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 3719 адамды тарту көзделген. Осы жылдың алты айында 1237 адам жұмысқа тартылып, жоспар 62,2 пайызға орындалған. Ал, Ұлттық жоба аясында әлеуметтік осал топқа жататын 73 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Бүгінгі күні өтініш берген азаматтардың 36-сы грант ұтып алған. Оларға 49 миллион 680 мың теңге беріліп, жоспар әзірге 24,6 пайызға орындалған.

Ауданда кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бизнес Бастау» жобасына қатысуға онлайн форматта 404 адамнан өтініш түсіп, бүгінгі күні оқуын аяқтап сертификат алғандар саны 275 азаматты құрап отыр. Олардың барлығы да қайтарымсыз гранттан үмітті. Жобаларын қорғап, екінші, үшінші кезеңдерге қатысуда.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2,5 пайыздық несиені 19 жасқа беру жо спарланған, бүгінгі т аңда «Агронесиекорпорациясы» акционерлік қоғамына зерделенуге және мақұлдануға жастар тарапынан 33 бизне с-жоба құжаттары жолданып, оның 26-сы мақұлданған. Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «Ұлттық жоба» шеңберінде 128 азамат тартылып отыр. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 75 адам жолданған. Еnbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру үшін 171 адам қатысып сертификаттарын алды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 2735 адамы бар 491 отбасының өтініштері оң шешімін тауып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Ұлттық жоба шеңберінде 4 5 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуға жоспарланған. Бүгінде жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы ақпараттық жүйесіне енгізіліп, 189 жаңа жұмыс орны ұсынылған. Оның 131-і уақытша, 58-і тұрақты жұмыс орындары. Қазіргі таңда 24 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамтылғандар 12,6 пайызды құрап отыр.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ДА МӘН БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында білім, денсаулық пен бұқаралық спорт салаларын дамытуға баса мән беріп отыр. Әрбір сала бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс», дейді Президент. Жалпы, мектептердегі білім сапасын арттыруға бүгінгі таңда жасалып жатқан игі істер де өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, бүгінгі таңда ауданда жалпы 39 мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын бөлім тарапынан ғимараттарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін мектептер мен балабақшаларды күрделі және орта жөндеуден өткізу үшін сұраныс беріліп келеді. Нәтижесінде биыл екі мектепте орта жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар, білім мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнекамерамен қамту іс- шаралары қолға алынған.

Жа лпы, биыл ауданда мектеп ғимараттары жанынан жанама ғимарат салу мен орта және күрделі жөндеу жұмыстары да қаралған болатын. Атап айтсақ, биыл Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясы жанынан жапсарлас акт залы мен шеберхана кабинеттерін салу көзделіп отыр. Акт залы мен шеберхана кабинетінің құрылыс жұмыстарына 256 миллион 967 мың теңге, ал шатырына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін 822 мың теңге қаралған. Бұдан бөлек, Кәріқорған ауылындағы Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің шатырын ауыстыруға және модульды пеш орнатуға 65 миллион 839,6 мың теңге, Шыңбұлақ ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің спорт залын жөндеуге 6 миллион 357 мың теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар, 2024 жылы Амангелді, Қ.Сағындықов және С.Сейфулин атындағы орта мектептерді орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы күтілуде екен.

Ал, медицина саласында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бүгінде халыққа ауданда 47 медициналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 8-і дәрігерлік амбулаториялар, 4-і фельдшерлік акушерлік пункт болса, 34-і медициналық пункт. Бұл сала бойынша салынып жатқан құрылыс жұмыстары да баршылық. Биыл Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық аурухана жанынан жапсарлас ғимарат тұрғызылуда. Оған 39 миллион 800 мың теңге қаралған. Нысанның құрылыс жұмыстарын «НұрТұрсын» ЖШС жүргізуде. Бұдан бөлек, Теріс ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік акушерлік пункттің, Сұрым мен Жылыбұлақ елді мекендерінде 5 келушіге арналған медициналық пункт ғимараттары салынуда.

Мәдениет саласына келсек, бүгінгі таңда Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы басталған нысанның құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, Көлбастау ауылында 149 орындық мәдениет үйінің жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын биыл бастау үшін облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Бүгінгі таңда оның құрылыс жұмысына 207 229 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы жарияланған.

Ал, Б.Момышұлы ауылындағы орталық мәдениет үйіне қосымша жапсарлас құрылыс салу жұмыстарына бюджеттен 63 миллион 894 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігері анықталуда.

Спорт саласында жеткен жетістік те, атқарылған жұмыс та аз емес. Бұл салаға билік тарапынан елеулі көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні Б.Момышұлы ауылында сауықтыру спорт кешенінің нысаны бой көтеруде. Сонымен қатар, Кәріқорған ауылында спорт ғимаратын реконструкциялау құрылыс жұмыстарына және Ертай ауылында сауықтыру спорт кешенінің жаңа құрылысына мемлекеттік сатып алу қорытындысы күтілуде.

Жолдауда жүктелген міндеттер аясында ауданда жоғарыда аталған салаларға серпін беріліп көптеген жобалар жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Білім сапасының жоғарылауы, денсаулық саласының жақсаруы, спорт пен мәдениеттің көтерілуі ауданның жақсы имиджін қалыптастыруда.

 

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support