- Advertisement -

Аймақ ауыл шаруашылығы дамып келеді

170

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков «Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Биыл ұлттық жобалар аясында өңірдің ауыл шаруашылығы саласына 27 миллиард теңге бөлінсе, оның ішінде жергілікті бюджеттен 20,3 миллиард теңге, республикалық бюджеттен 6,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Басқарма басшысы айтып өткендей, бүгінгі күні бұл қаржының 14,9 миллиард теңгесі облыстағы 8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп, игеріліпті.

– Нәтижесінде, жыл басынан бері салада 107,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4 миллиард теңгеге артты. Оның ішінде егін шаруашылығында 4,6 миллиард теңгенің, мал шаруашылығында 103 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Биыл облыста 770,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артқан. Осыған орай, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 770,9 миллион теңгесі игерілді. «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша 170 миллион теңгесі игеріліп, 146 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 6,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөлінген 5,3 миллиард теңгенің 4,2 миллиард теңгесі игеріліп, 2 мыңнан аса шаруашылыққа субсидия берілді, – деді басқарма басшысы.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстағы төрт түлік мал мен құстың саны, ет пен сүт өндірісі артқан.

Нұрби Рахметханұлы бүгінде экономиканың негізгі драйверінің бірі – ауыл шаруашылығы саласы облысымызда жыл санап алға озып келе жатқанын баяндап, бұл бағытта суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасын табатынын айтты. Сондай-ақ, ол бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support