- Advertisement -

Ашық терезе – бала үшін қауіпті

23

- Advertisement -

Күн жылынысымен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері айқара ашылатыны белгілі. Сақтық шараларының сақталмауы және балалардың үйде үлкендердің бақылауынсыз қалуы салдарынан осындай ашық қалған терезелерден олардың құлап кету фактілері жыл сайын орын алып келеді. Мысалы, жыл басынан бері Тараз қаласында балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы тіркелді. Ал былтыр 17 бала терезеден құлап, біреуі қаза тапқан болатын.

Жақында қаланың төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, «Талас» және «Самал» шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, балалардың терезелерден құлап кету фактілерінің алдын алу жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тиісті кеңестер берді. Мәселен, мына ережелер әрбір ата-ананың есінде болуы тиіс:

* үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыздар, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәт болуы немесе оны біржола мүгедек етуі мүмкін;

* терезені масадан қорғайтын торларды пайдаланбаңыз. Балалар оларға сүйенуді ұнатады, оларды сенімді тірек ретінде қабылдайды, содан кейін бірге құлауы ықтимал. Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнамаңыздар;

* бала терезеге көтеріліп, құлап кетпес үшін жиһазды терезе жанына қоймаңыз, балаларға төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеу керек;

* балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету, үлкен балаларға кішілеріне қарауды үйрету;

* терезеге баланың оны өздігінен ашуына жол бермейтін кілті бар құлыптар орнатыңыз;

* ата-аналар мүмкіндігінше кішкентай баланы жалғыз қалдырмай, өздерімен бірге алып жүруі әлдеқайда тыныш және қауіпсіз екенін ұмытпаңыз.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support