- Advertisement -

Көп қызмет үйден шықпай-ақ қолжетімді

77

- Advertisement -

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейін көтеру – ел басшылығы мен облыс әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Өмірде әр азамат міндетті түрде мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігіне тап болады. Мәселен, некені тіркеу, баланың куәлігін алу, емханаға тіркелу, бизнес ашу және т. б.

Мұндай қызметтер бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес– 1324. Оның ішінде 297 қызмет түрі жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.

2005 жылдан бері республиканың барлық аймақтарында «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп келеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның қызмет берушілермен тікелей байланысын шектеу, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы тапсырма берілді.

Келесі міндет – ақпаратқа еркін қол жеткізу арқылы қажетті қызметтерді алуға жағдай жасау. Бұл мәселенің шешімі – «электронды үкімет» порталын құру болды.

«Электронды үкімет» дәстүрлі басқарудың қосымшасы немесе аналогы емес, тек мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалануға негізделген азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жаңа тәсілін анықтайтын құрал болып табылады.

Қазіргі уақытта азаматтар мемлекеттік корпорацияның филиалдары, «e-Gov» порталы мен мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерін бере алады. Дайын құжаттарды курьер арқылы, SMS-хабарламалар немесе электрондық пошта арқылы алуға болады.

Болашақта «электронды үкімет» қазіргіден өзекті бола түседі. Бұл тенденция ақпараттық жүйелерді дамытудың салдарынан туындап, технологиялар әлеуметтік коммуникация мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, үкімет, бизнес және азаматтар арасындағы интеграцияның жаңа формаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, біз азаматтарды ақпараттық технологияларды дамытуда шет қалмай, белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Ол үшін электронды үкіметтің веб-порталына кіріп немесе мобильді базада тіркеліп, электронды сандық қолтаңбаны алу керек. Оны үйден шықпай-ақ, «E-Gov», «еGovmobile» арқылы бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы алуға болады.

Цифрлық құжаттарды қолдану аясын кеңейту бойынша да жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні «еGovmobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылды (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Көпбалалы отбасына жәрдемақы алушы», «Мүгедек адамның куәлігі», «Атаулы әлеуметтік көмек алушы» 3 цифрлық құжаты қосылды).

Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі–мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыртқы платформаларға шығару. Автомобильді сатып алу-сатуды тіркеуден және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден басқа, Kaspi және HalykBank қосымшаларында бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша қызметтер іске асырылды.

Мобильді қосымшаларда азаматтар үшін қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санын жыл сайын арттыру жоспарланған.

Сонымен қатар, өткен жылы азаматтық хал-актілерін тіркеу органдары (АХАТ) 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Кеңес заманында АХАЖ (олар бұрын осылай аталған) полиция органдарына бағынысты болды. 2003 жылдан бастап оларды әділет департаменттері басқарды және 2015 жылдан бастап АХАТ органдары жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге берілген.

Реформалар бір орында тұрмайды, сондықтан АХАТ органдардың функциялары биыл 1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына беріледі.

 

Диана ИСКАКОВА,

облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support