- Advertisement -

Бюджет кірістері 620,6 миллиард теңгені құрады

162

- Advertisement -

Облыс әкімдігінде өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров баяндама жасады. Оның айтуынша, Жамбыл облысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің жалпы кірістері 620,6 миллиард теңгені құраған. Бұл сома алдыңғы жылмен салыстырғанда 83,2 миллиард теңгеге көп.

Нұржан Календеров өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында және жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде облыстың негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын атап өтті.

– Былтыр меншікті кірістер жоспары 103,8 пайызға орындалды, бюджетке 2 миллиард теңге жоспардан артық түсті. Оның ішінде, салықтық түсімдер 104,4 пайызға, салықтық емес түсімдер 98,9 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 125,5 пайызға орындалды, – деді Нұржан Календеров.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары өз баяндамасында ауыз су, газ, тұрғын үймен қамту, мәдениет, спорт, білім және тағы да басқа салалардағы атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге жан- жақты тоқталды.

– Елдің әл-ауқатын жақсарту бойынша жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Былтыр 693,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы облыста 4208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2260 пәтерлі 34 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Комиссия отырысында облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Жолымбетов облыс бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы бойынша қорытынды есеп берді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков те атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларын баяндады.

Өз кезегінде халық қалаулылары сауалдарын жолдап, ұсыныстарын ортаға салды.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support