- Advertisement -

Иттер мен мысықтар тіркелуі тиіс

76

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы қабылданып, 2022 жылдың 2 наурызынан күшіне енді. Осы Заңның аясында облыстық мәслихатпен бекітілген «Жамбыл облысы аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» және «Жамбыл облысы аумағында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің» Қағидалары қабылданды.

Заңның 11-бабына сәйкес, үй жануарларын есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Тек иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Үй жануарларын тіркеу рәсімін жеке немесе мемлекеттік ұйымдардың мал дәрігерлері жүзеге асырады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын, оның ішінде иттер мен мысықтарды тіркеу міндетті болып табылады. Сондықтан, үй жануарлары иелері малдәрігерлік мекемелерге қайырылып, үй жануарларын тіркетулері керек.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жануардың иесі иелігіндегі жануарларын ветеринариялық- санитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып, асырауға және ұстауға, есепке алуға, уақтылы вакцинация жасатуға, жануарына жауапкершілікпен қарауға және қатыгездік көрсетпеуге, басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе саулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге және тұқым алу қажет болмаса өз қаражатынан үй жануарларына кастрация немесе стерилизация жасатуға міндеттелген.

Жануарларға жауапсыздықпен қарап немесе қатыгездік көрсетілген жағдайларда ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің» 407-1-бабына сәйкес қылмыстық белгілері болмаса жеке тұлғаларға 5, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, екі есеге ұлғайтылады.

Құқық қорғау органдары тарапынан ҚР ӘҚБК-нің 407-1-бабына сәйкес 2022 жылы үй жануарларына жауапкершілікпен қарамаған 59 азаматқа 1 590,0 мың теңге айыппұл салынған, 2023 жылдың 4 айында 63 азаматқа 2 173 500 теңге айыппұл салынған.

 

Талғат ҚОЖАБЕРГЕНОВ,

облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support