- Advertisement -

Бір күнде 250 құқықбұзушылық анықталды

12

- Advertisement -

Байзақ ауданында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен рейдтік іс-шаралар кезінде бір тәулікте полицейлер 250 әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. Анығырақ айтқанда, полиция қызметкерлері 201 жол қозғалысы ережесін және 49 қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін тіркеген.

Бұдан бөлек, жол қозғалысын қадағалау кезінде көлік басқару құқығынан айырылған адамның автокөлік басқаруы және алкогольдік масаң күйде болуының 2 дерегі белгілі болды. Сондай-ақ, тағы 1 жүргізушінің көлікті мас күйінде басқаруы, 8 жүргізушінің көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғандығы анықталды. Ал, қауіпсіздік белбеулерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 34 дерегі анықталса, 43 автокөліктің техникалық ақауы бар болып шықты. Нәтижесінде 12 көлік айыптұраққа қойылды.

Бұл күні тәртіп сақшылары тіркеуде тұрған тұлғалар мен қару иелерін де бақылауды жүзеге асырды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 106 азамат пен 33 қару иесі тексерілді. Оның 3-уі қаруды сақтау ережелерін бұзған. Сондай-ақ, тіркеусіз жүрген 11 азамат анықталды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support