- Advertisement -

Алтын ұрлап, айыпты атанды

18

- Advertisement -

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 32 жастағы қала тұрғыны жүгінеді. Азаматшаның айтуынша, орталық көшелердің бірінде белгісіз тұлға оның мойнындағы алтын бұйымын жұлып алып кеткен.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел түрде қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, 42 жастағы қала тұрғынын ұстайды.

Қазіргі таңда алтын алқа тәркіленіп алынды, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 191-бабымен (тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support