- Advertisement -

Талас ауданында «Street workout» және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

79

- Advertisement -

Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Street workout» және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков, Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

А.Шейн көшесі бойында орналасқан су жаңа ойын алаңшасында балаларға арналған шағын аттракциондар, карусельдер, әткеншектер және тағы да басқа керекті жабдықтар орналастырылған.

Сондай-ақ, «Street workout» алаңшасыда заманауи талапқа сай жасақталған. «STREET WORKOUT» және ойын алаңшасына балаларды және спортпен шұғылданушыларды толықтай жарақаттан сақтайтын арнайы жұмсақ материал төселген.

Сонымен қатар, «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Қаратау» жазуы бар декор қабырға, арнайы дизайнмен жасалған қоқыс жәшіктері, орындықтар, шамдар, көгалдандыру, жасыл желектерді суғару жүйелері бойынша жұмыстар атқарылуда.

Айта кету керек, бұл жұмыстар аудан бюджеті тарапынан жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support