- Advertisement -

Жырласа, жастар жырласын

67

- Advertisement -

Шу қалалық мәдениет үйінің жанынан өнер үйірмесі ашылған болатын. Үйірме жетекшісі – айтыскер ақын Ғабит Есдәулет. Ғабиттің үйірмесінде бірқатар өрендер бапталып, шыңдалып жүр. Әзірге төрт аяғын тең басқан жорға деп айтуға ерте. Дегенмен, осындай қолдаулар жасөспірім талапкерлердің көсегесін көгертетіні анық.

Аталған мәдениет үйінде өткен аймақтық айтыста таластық Айсұлу Жүнісбек пен тараздық Інжу Жаңабай тамаша айтыс жасап, көзге түсті. Шу ауданы, Ақсу ауылынан келген Ерасыл Қожахан мен Шу қаласынан Қалижан Әбілмажан да бір-біріне лайықты қарсылас болды. Ғабиттің шәкірттері Әбіл Жолшыбай мен Аруна Еркін де айтысқа деген ынта-жігерлерімен ерекшеленді.

Қазылар алқасының шешімімен таластық Айсұлу Жүнісбек жеңімпаз атанса, тараздық Інжу Жаңабай екінші орыннан көрінді. Жүлделі үшінші орын шулық Ерасыл Қожаханға берілді. Ал, Шу қаласының атынан өнер көрсеткен жас өрендер арнайы жүлдеге ие болды. Аталған іс-шараның сәтті өтуіне өнер жанашырлары Эльмира Базарбаева, Маржан Көпбосынова қолдау білдірсе, шулық айтыскер Бақытбек Жұмабеков пен Әділет Медетқұл оқушыларға үлгі көрсетті.

 

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support