- Advertisement -

Сот жүйесі мемлекеттік тілге көшірілуде

84

- Advertisement -

Әр халықтың басты байлығы әрі баға жетпес құндылығы – ана тілі. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп келеді. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де осында. Тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, яғни, отбасынан басталады.

Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», – дейді Мемлекет басшысы. Президентіміз айтқандай, тілімізді, төл мәдениетіміз бен әдебиетімізді қадірлеу– баршамызға парыз.

Еліміздің ХХІ ғасырда асар асуы, шығар биігі, саяси-экономикалық факторларымен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қанат жаюымен тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда нақты айқындалған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – республикамыздың әрбiр азаматының парызы. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Қазіргі таңда Тараз қалалық сотының тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде. Қалалық сотта мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс- шаралар жүзеге асырылуда.

Мәселен, жыл басында мемлекеттік органдар мен мекемелерге, ұйымдар мен кәсіпорындарға, екінші деңгейлі банктерге, микроқаржылық ұйымдарға, облыстық адвокаттар алқасына, Жамбыл облысының заң консультанттары палаталарына талап қоюлар мен басқа да ресми құжаттарды сотқа қазақ тілінде жолдау туралы ұсынылды.

Төрелік бағдарламасына барлық шығыс, ішкі құжаттары мемлекеттік тілде әзірленуде.

 

Күлян САТЫБАЛДЫ,

Тараз қалалық сотының судьясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support