- Advertisement -

Жер телімдері электронды түрде беріледі

98

- Advertisement -

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап облыс орталығы Тараз қаласы мен Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында жер учаскелері жаңа әдіспен, яғни электронды түрде берілетін болады. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Заң жобасында көрініс тапқан. Осыған сәйкес, Жер Кодексіне 44-2 бап деген жаңа тармақ қосылып, соның негізінде жер учаскелері 2 түрлі әдіспен беріледі. Біріншісі, электронды форматта тікелей ұсыну, екіншісі, сауда-саттық арқылы.

Аталған қызметтерді алу үшін, бірінші кезекте өтініш беруші «E-Gov» порталына тіркеліп, «Жария кадастрлық карта» арқылы өтінішті ұсынады. Өтініш одан әрі облыстың e-jambyl.kz «Өңірлік геоақпараттық жүйесіне (Геопорталына)» жолданылады.

Геопорталда берілген өтінішке сай тиісті жер учаскесін беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдау, берілген жағдайда қажетті құжаттарды дайындау, келісімдерді алу, дайын құжатты ұсыну сияқты жұмыстар атқарылады.

Тиісті шешімдерді қабылдау, келісімдерді алу бойынша әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, «Жария кадастрлық картаға» жер учаскелері (шекаралары, берілгендері, бос жер уч.), құқықтық және қала құрылысы (бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, автомобиль жолдары, ерекше жағдайлары бар аймақтардың шекараларын қорғау аймақтары, су қорғау аймағы / жолағы, цифрландырылған инженерлік желілер, ғимараттар мен құрылыстардың контурлары, мекенжай массиві, гидрография объектілері және т.б.) талаптары туралы деректер енгізіледі.

Жоғарыда аталған деректер бірінші кезекте облыстың e-jambyl.kz Геопорталына толықтырылып, одан әрі Геопортал мен интеграция жұмыстарын жүргізу арқылы «Жария кадастрлық картаға» ұсынылады.

Қазіргі уақытта, облыстың Геопорталына бірыңғай талапқа сай базалық гис-қабаттар енгізілді. Яғни, тұрғындар үшін геопорталдың ашық картасына 160-тан астам және қызмет бабында пайдалану үшін Геопорталдың электрондық кезекші картасына 367 картографиялық деректер енгізілді.

Ол дегеніміз:

  1. Облыс, қала, аудан шекаралары;
  2. Ауылдық округтердің шекаралары;
  3. Елді мекендердің шекаралары;
  4. Жер учаскелерінің учаскелері;
  5. Жер учаскелерінің бағалау аймақтары;
  6. Аумақтарды пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтардың шекаралары (қорықтар, су қорғау аймақтары, қорғау аймақтары, рекреациялық аймақтар және т. б.);
  7. Ғимараттар мен құрылыстардың контурлары;
  8. Көше жолдары желісі;
  9. Автомобиль жолдары желісі;
  10. Теміржол желісі;
  11. Гидрография объектілері;
  12. Қала құрылысы регламенттері (қызыл сызықтар, әртүрлі функционалдық мақсаттағы аймақтар аумағын пайдалануға рұқсат етілген құрылыс салу параметрлері);
  13. Бос жер телімдері;
  14. Мекенжай жоспары;
  15. Бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары;
  16. Функционалдық аймақтар;
  17. Газбен жабдықтау желілері;
  18. Сумен жабдықтау және су бұру желілері;
  19. Электрмен жабдықтау желілері;
  20. Жылумен жабдықтау желілері;
  21. Телефон (байланыс) желілері;
  22. Кәріз желілері жүйесі туралы деректер;
  23. Сәулеттік бұрмалар (архитектурные отводы);
  24. Жер учаскелерінің уақытша қабаты енгізілді.

Сонымен бірге 2023 жылдың 29 наурызы мен 3 сәуірі аралығында, басқарма мен «КАЗГИСА» серіктестігі және Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының қатысуымен Тараз қаласы мен Шу, Сарысу, Талас ауданы әкімдігі сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінің жауапты мамандары жер учаскесін жаңа әдіспен беру туралы түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізді.

Ендігі кезекте, 4 қаланың табиғи монополия субъектілерімен жаңа әдіске сай жер учаскесінің таңдау актісін Геопортал арқылы келісу процестерін түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, «Өңірлік геоақпараттық жүйені» Геопорталды толықтыру және 2023 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Президентінің жер учаскелерін берудің жаңа әдісі туралы қабылдаған Заң жобасын (Жер Кодексіне 44-2 бап) іске асыру шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Ә.Тұрысовтың хаттамалық тапсырмаларын (облыс бойынша 3 қалаға 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізіп, картографиялық деректерді бір жүйеге келтіру) орындау мақсатында 2023 жылы келесі жұмыстар атқарылады:

– Шу қаласы мен 10 аудан орталықтарына 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстары;

– Облыс әкімінің 2022 жылы берген тапсырмасына сәйкес, облыстағы 359 елді мекеннің бас жоспарлары мен оңайлатылған сызба жобалары цифрландырылып, Геопорталға енгізілетін болады.

Бұл өз кезегінде Геопорталға облыс бойынша елді мекен шегіндегі бос жер учаскелерін жариялау мүмкіндігі қарастырылатын болады. Сонымен қатар, «Мемлекеттік меншіктен жер учаскелеріне электронды құқық беру» мемлекеттік қызметі іске асырылады.

Қорытындылай келе, Президентіміздің жаңа бастамасы және облыс әкімінің қолдауымен жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру арқылы облысымыздың тұрғындары мен кәсіпкерлері бос жер учаскелерін онлайн түрде ешқайда бармай көре алады. Сондай-ақ, электронды түрде қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Ел Президентінің қабылдаған жаңа Заң жобасы басқарманың тұрақты бақылауына алынып, тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылмақ.

 

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support