- Advertisement -

Жамбыл облысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен халықаралық конференция өтті

61

- Advertisement -

Ш. Мұртаза атындағы Тараз халықаралық институтында «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Орта Азия даласына Ислам дінінің келуі, қазақ халқының діни ұстанымы мен Қарахан мемлекеті тұсындағы қазақ жерінен шыққан белгілі тұлғалар және олардың еңбектерін насихаттау.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, доцент Төрәлі Қыдыр төрағалық еткен жиынды облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев ашты.

Әрі қарай сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы талай тұлғаларды түлеткен Тараз шаһары – қазақ даласындағы дін Исламның алғаш дәні егілген жер екенін айтып, Қарахан мемлекеті тұсындағы ел билеушілері және Ислам діні туралы кеңінен баяндады.

Конференцияда сонымен қатар Түркия, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінен келген және отандық зерттеуші ғалымдар баяндама жасады.

Айта кету керек, конференцияға қатысушылар алдымен Қарахан кесенесін зиярат етіп, құран бағыштаудан бастады.

Келесі кезекте облыстық «Һибаттула Тарази» орталық мешіті жанынан бой көтерген  «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет орталығының және  Айша бибі ауылындағы 50 келушіге арналған медресенің ашылуына қатысып, облыстағы спорт майталмандарымен кездесті.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support