- Advertisement -

Мамандық таңдау – маңызды іс

158

- Advertisement -

Мамандықды дұрыс таңдау – ерекше дайындықты, жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде біз бірегей ресурс ретінде өте қызық кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ал, адамның қоғам үшін құндылығы оның кәсібінің өзектілігі мен құзыреттілік деңгейіне байланысты. Әсіресе, нарықтық қатынастар дәуірінде әл- ауқатымызды тек өзіміз ғана қалыптастырамыз.  

Әр адамның ғұмырындағы көп уақыты мен күші осы кәсіпке жұмсалатындықтан, өзі үшін дұрыс таңдау жасай алуы керек. Мамандықты дұрыс таңдау үшін түлектер әртүрлі оқу орындары туралы мағлұматтарды алып, болашақ мамандық бойынша интернет-ресурстарды қарауы қажет.

Елімізде 200-ге жуық жоғары оқу орны бар, соның ішінде еліміздегі іргелі білім ордасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті де мұнай және газ саласының мамандарын даярлауда. Университеттегі «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының «Мұнай-газ инженериясы», «Мұнай және газды тасымалдау», «Тау-кен ісі», «Мұнай мен газды қайта өңдеу» мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша білім гранттары бөлінеді.

Мысалы, былтырғы оқу жылында Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру тобына 50-ден астам орын берілген. Оған 50 балдан жоғары жинаған үміткерлер қатыса алады.

Бұл білім беру бағдарламалары осы саладағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз етуді көздейді. Университет түлектері «QazaqGaz» барлау-өндіру, «Азия газ құбыры», «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Тараз магистральды газ құбырлары» филиалы мен «ҚазТрансгазАймақ» АҚ-ның Жамбыл өндірістік филиалында, «Алтын Алмас», «Қасфосфат» ЖШС зауыттарында, басқа да әртүрлі жеке ұйымдарда қызмет атқара алады.

Бүгінде бұл кафедрада елімізге белгілі, білім саласының үздік оқытушылары мен профессорлары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасында ғылымға өз үлесін қосқан профессор Сағатбек Мырзашев, Исан Тілегенов, доцент Мұхаммеджан Сексенбай, кафедра меңгерушісі PhD доктор, жас ғалым Арман Кабдушев жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кафедра құрамында 20 оқытушы-профессор бар. Университеттегі заманауи екі зертхананың бірі, нанотехнология зертханасының базасындағы «Тампонаждық материалдар мен бұрғылау сұйықтарының қасиеттерін зерттеу» зертханасы былтырдан бері жұмыс істейді.

Жуырда Тараз қаласындағы №26, №44 орта мектептерде болып, оқу орны туралы мектеп бітірушілермен кездесу ұйымдастырдық. Оларға білім ошағы туралы толық ақпарат беріп, білім беру бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

Құрметті болашақ талапкер, өз таңдауыңызды дұрыс жасау үшін нақты жоспар құрып, көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізіп, нақты шешімдер қабылдап, жарқын болашаққа нық қадам басыңыз. Еліміздің болашағы – білімді, өзіне сенімді және бәсекеге қабілетті жастардың қолында.

 

Біржан МОЛДАБЕКОВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Мұнай, газ және тау-кен ісі кафедрасының аға оқытушысы, QazaqGaz еңбегі сіңген ардагер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support