- Advertisement -

Бүлдіршіндерге шаттық сыйлаған алаң

143

- Advertisement -

Тараз қаласында демеушілік есебінен бой көтерген балалар мен ересектерге арналған демалыс және ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Абай даңғылы №123 мекенжайында бой көтерген нысанның ашылуына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, «Таразстрой-2004» ЖШС директорының орынбасары Мәди Изенбаев пен облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов қатысты.

Салтанатты шарада Оңласын Қарабайұлы тарихы терең Тараздың жыл өткен сайын жасара түсуіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, заманауи талапқа сай алаңшаны сыйға тартқан «Таразстрой-2004» серіктестігіне алғысын жеткізді.

Бұдан кейін сөз алған шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков балалар бар жақсылыққа лайық екенін айтып, сүйікті қаламызға сый жасаған кәсіпкердің ілкімді ісін көпке үлгі етті.

– Өздеріңіз куә болып отырғандай, «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балаларымызға арнап спорттық және ойын алаңшасын тарту етіп отыр. Бұл біздің сүйікті қаламызға үлкен сый болды. Қала әкімдігінің ұсынысына қолдау білдіріп, алғашқы болып іске кіріскен «Таразстрой-2004» компаниясына алғысымды айтамын. Осы орайда қаладағы бизнес өкілдерін, жомарт жандарды сүйікті қаламызға сый жасауға шақырамын. Қаламыздың көркейіп, дамуы тікелей сіз бен бізге байланысты. Сол себепті көне шаһар – Таразды одан әрі көркейте берейік! – деді қала әкімі.

Келесі кезекте «Таразстрой-2004» ЖШС басшысының орынбасары Мәди Изенбаев бүлдіршіндерге шаттық сыйлағанына қуанышты екенін жеткізді. Су жаңа алаңшада балаларға арналған спорттық және ойын құрылыстары, шағын аттракциондар, карусельдер, әткеншектер және тағы да басқа керекті жабдықтар орнатылған.

Сонымен қатар, алаң аумағына балаларды жарақаттан сақтайтын арнайы жұмсақ материал төселген.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support